You are here

Қоғамдағы зорлық-зомбылық «Нұр Отанның» назарында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

23 қазан күні «Нұр Отан» партиясы тағы бір игі іске мұрындық болды. Бұл өзі көптің кө-ңілін күпті еткен мәселе-тін. Қазақ ұғымында тек шетелдерде ғана болатындай елестейтін, адамшылыққа жат, ұлттық менталитетке «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» балаларға қатысты зорлық-зомбылық, өкінішке орай, біздің елімізде де белең ала бастапты. Оны жан шошырлық статистика көрсетіп тұр.

Партия Хатшысы Ф.Қуанғановтың қатысуымен «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңнамалардың қолданылу тәжірибесі» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында бұл мәселе кең көлемде талқыланды. Отырысқа Парламент депутаттары, Бас прокуратураның, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңының имплементациясына жүргізілген мониторингтің қорытындысын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейтін билік пен қоғамның серіктестік механизмдерін, сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық бастамаларын ой елегінен өткізді. Қатысушылардың пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан азаматтарды және ана мен баланы қорғауды толық қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар күш біріктіруі қажет. Осылай болған жағдайда ғана тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болатыны айтылды.

«Неке және отбасы, ана мен бала, адам құндылықтары институтын қорғау, бұл — мемлекеттің ең маңызды басымдықтары. Бүгін біз кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселеле-рін талқылап, осыған қатысты шараларды ойластыру мен заңның жетілдіруін қарас-тырудамыз», — деді кеңес төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алқалы жиын ба-рысында Парламент Мәжілісінің депутаты С.Бычкова, ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Қ.Игембаев, ҚР БҒМ Бала құқығын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары А.Макенова, ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің құқық бұзушылықтың алдын алуын ұйымдастыру басқар-масының бастығы А.Милюк және т.б. сөз сөйлеп, көпті алаңдатқан проблеманы шешу жолдарын ұсынды.

Қылмыстық заңның қаталдығы қаны қарайған жауыздарды райынан қайтара алмай жатқаны аңғарылады. Әйтпесе, мына көрсеткіш бұлай төбе көрсетпес еді ғой.

Биыл бала саудасының 39 фактісі тіркелген. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған жандарға еш аяушылық болмайтынын біле тұра көрсеткіш осындай. Әсіресе балаларды жыныстық қатынасқа итермелегендер, зорлағандар тиісті жазасын алып жатса да тоқтар емес. Мұндай қылмысқа барғандар кемі 15 жыл бас бостандығынан айырылады. Сөйте тұра қылмыс бәсеңдемей тұр. ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Қ.Игембаевтің айтуынша, биыл осындай қылмысқа барғаны үшін 100-ден астам азамат темір торға тоғытылған. Қылмыстық істері сотта жатқандар қаншама.

Кеңес отырысының қорытындысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбы-лықтың алдын алудың ұлттық жоспарын жасауды ұсынды. Ол үшін ел патриоттары белсенділік танытып, халық арасында үгіт-насихат жүргізіп, жасөспірімдерге «шүйлігетін» қаныпезерлерді қоғамнан аластатуға, отбасында балаларды бейтаныс адамдарға жоламауға, олардың алдап-арбауына түсіп қалмауға тәрбиелеу керектігі назарда тұруға тиіс.

Көпшіліктің көкейінде жүрген проблеманы көтерген аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясы жанын-дағы Құқықтық кеңес, сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасы, «Дағдарыс орталық-тарының одағы» ЗТБ бірлесе ұйымдастырғанын айта кеткенді жөн көріп отырмыз.

Нағашыбай Қабылбек

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.