You are here

КЕЛЕҢСІЗДІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТТЕН КЕТЕДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде алғаш рет күдіктіні тұтқындау емес, оған балама ретінде кепілдікте қалдыру шартын қолдану жүзеге аса бастады. Былтырғы қарашада Бас прокурордың арнайы нұсқаулығына сәйкес енгізілген өзгеріс жыл соңына дейін 20 адамға қолданылыпты.

Ал биыл төрт айдың өзінде 875 адам кепілдіктің «игілігін» көріп үлгеріпті. Құқықтық жүйесі дамыған шетелдерде мұндай тәсіл кеңінен пайдаланылса да, біздің қоғам үшін таңсық іс ретінде көрінуде. Бұл жаңалықты кеше елордада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Бас прокурордың орынбасары Нұрмұхамбет Исаев жеткізді.

Президенттің тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында біз қылмыстық қудалау органдары мен прокурорлар өздерінің жұмысында баршаны жалықтырған пайыздар мен цифрларды емес, бірінші кезекте адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды ең басты міндеті ретінде есептеуге кірісіп отырмыз – деді Исаев. – Прокурорлар қызметіндегі ең өзекті бағыт – қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауға түбегейлі өзгерту енгізу де тура осы мәселені орындауға негізделген. Осыған байланысты республика деңгейінде ақпараттық-талдамалық жұмысты барынша нығайтып, жергілікті жерлерде қадағалау міндеттерін синхронды түрде күшейтіп, прокурорларды жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің аясында жұмыс істеуге дайындаудамыз. Екіншіден, қылмыстарды тіркеуді тәртіпке келтіру бойынша аса ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі кезде біздер қылмыстық ахуалдың жағдайын бұрынғыдай өтірік тұрғыда емес, шынайы түрде екенін айта аламыз. Мұндай жетістікке оңайлықпен қол жеткіздік дей алмаймын. Бұл – Президент әкімшілігінің бейінді бөлімі мен Қауіпсіздік кеңесінің толық қолдауы арқасында жүргізілген үш жылдық аса ауқымды жұмыстың нәтижесі.

Бас прокурордың орынбасары жеткен жетістіктің арқасында қылмыстық ахуалды шынайы біле алғандарын айтты. Нәтижесінде, елімізде аса ауыр қылмыс түрлері: кісі өлтіру, тонау мен қарақшылық азайған. Жақын күндері қоғамдағы кез келген қылмысқа қатысты жазылған өтініштерді дер кезінде шұғыл қарау тәртібі іске асуы керек. 

«Соның нәтижесінде бұған дейін болуы мүмкін еместей көрінген нәтижеге, яғни органдар қылмысты тіркеу мәселесіне қатысты өз көзқарастарын түбегейлі өзгертуімен ғана емес, сондай-ақ шешімдерді де жедел қабылдауға қол жеткізді. Бүгінгі күні жүз арызданушының 90-ы үш күн ішінде өздерінің шағымдары бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын еркін түсіндірудің салдарынан  қылмыс туралы хабар бойынша шешімді қабылдау тек тергеуші мен анықтаушының құқығы екендігіне қарамастан, тамыр жайып кеткен шешімді басқа қызметкерлер қабылдап келген тәжірибені де біз түбегейлі түзетуге кірістік. Өткен жылы Бас прокурор қол қойған нормативтік сипаттағы нұсқауына байланысты шешімді тек тергеуші мен анықтаушы ғана қабылдайтын болды» деп түйіндеді Бас прокурордың орынбасары.

Исаевтың мәлімдеуінше енді «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтардың конституциялық құқықтарының өрескел және жүйелі түрде бұзылуына жол бергендері үшін аумақтық органның басшысын жұмыстан босату күн тәртібіне қойылады.

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ, Астана

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.