You are here

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ж.Қ.Асановты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындау туралы

Жақып Қажманұлы Асанов Қазақстан Республикасының  Бас прокуроры болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 сәуір

№238

Жақып Қажманұлы АСАНОВ

1963 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бар.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамашы болып жұмыс істеді, Қызылорда облыстық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның аға прокуроры, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі, Бас прокуратураның департамент бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры болды. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.

Әр жылдары Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағын, «Қазақстанның коммуналдық жүйелері», «Ордабасы корпорациясы» акционерлік қоғамдарын басқарды. Төртінші және бесінші шақырылымдардағы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

2012 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.