You are here

Қазақстан іздеуде жүрген адамдарды елге қайтаруды одан әрі жалғастыратын болады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Иоган МЕРКЕЛЬ, Бас прокурордың бірінші орынбасары:

Қылмысқа тосқауыл қою жөніндегі жұмыстарды жетілдіру аясында Мемлекет басшысы Бас прокуратураның алдына сот төрелігінен шет елде жасырынып жүрген іздеудегі ешбір адамның өз әрекеті үшін әділетті жазадан жалтармауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдау міндетін қойған болатын.

Мысалы, бүгін Бас прокуратура қыз­меткерлері «Какаду» ЖШС-нің негізін қалаушы және директоры 45 жас­тағы Мирхат Әлімбетовтi Бірік­кен Араб Әмірліктерінен Астана қа­ла­сы­на экстрадициялады. Ол 2005-2008 жыл­дары аралығында «Қыпшақ» тұр­ғын үй кешенін салуда 400 мил­лион теңгедей (397 043 330) сомадағы са­лымшылардың ақшалай қаража­тын, сондай-ақ Астана қаласы Құры­лыс департаменті бөлген 400 мил­лионнан астам (434 541 991) теңге мөл­шеріндегі мемлекеттік қаражатты ие­леніп, жұмсағаны үшін іздеуде бол­ған. Әлімбетов қылмыстық жауап­кер­шіліктен құтылу үшін Біріккен Араб Әмір­ліктері аумағында жасы­рын­­ды. 2012 жылы оның Дубайда еке­ні белгілі болып, сол уақыттан бе­рі оны Қа­зақстанға экстра­диция­лауға бай­ланысты жұмыстар бастал­ды. Әмір­ліктерде экстрадиция рәсімі кей­де ұзақ мерзімге созылады және сот­тың қарауы, шешім қабылдау жә­не шағым жасауды қоса алғандағы бірнеше кезеңдерден өтеді. Аталмыш рә­сімнің ұзақтығына қарамастан, оны Қазақ­станға экстрадициялауға қол жеткіз­дік.

Қазіргі кезде М.Т.Әлімбетов Ас­та­на қаласының тергеу изоляторына қа­малды. Астана Ішкі істер депар­та­менті тергеу жұмыстарын әрі қарай жал­ғастырады.

Сотталған адамдарды өзі азаматы болып табылатын елге жазасын өтеу үшін беру мәселесін қарастыру Бас прокуратура құзіретіне жатады. Бұл ұлттық заңнамамен де, халықаралық шарттармен де анықталған.

Шет мемлекеттерде біздің соттал­ған азаматтардың құқықтарын, қорғау үшін біз біріншіден халықаралық шарт­тарға қол қою жөніндегі жұмыс­тарды жүргіземіз. Осы мәселе ТМД мем­лекеттерімен 1998 жылғы 6 нау­рыз­­дағы Бас бостандығынан айы­рыл­ған сотталған адамдардың жаза­сын одан әрі өтеу туралы Конвенция шең­берінде шешіледі. Соңғы жыл­дары аталмыш конвенциядан басқа Қазақстан Республикасы осы салада Түрікменстан, Украина, Әзірбайжан, Испания, Түркия, Қытай, Италия, Мажарстан, Румыния және Үндістан ел­дерімен екіжақты келісімдерге қол қой­ды. Екіжақты ынтымақтастықты да­мытудан өзге Қазақстан 2015 жыл­ғы 6 желтоқсанда Қылмыстық жауап­тылықты шетелде өтеу туралы аме­ри­кааралық конвенцияға қосылды.

Осы конвенцияға қосылу сот­тал­ған адамдарды беру туралы халық­ара­лық ынтымақтастықты аме­ри­калық ко­нтиненттің 20 мемлекетімен рет­теуге мүмкіндік береді. Сотталған адам­дарды беру саласындағы халық­аралық келісімдерге қол қою жө­нін­дегі жұмыстар одан әрі жалғасатын бо­лады.

Сотталған адамды берудің басты талабы – сотталғанның өзінің қалауы, сон­дықтан сотталғанды беру туралы сұраныс, сотталғанның беруге келі­сімімен не оның туысқандары, заңды өкілі және адвокатымен жүзеге ас­тырылады. Қазақстан Республи­ка­сы­ның сотталған азаматы Бас про­кура­тураға елде жазасын өтеу үшін беру туралы өтініш жасаса, Бас про­кура­тура шетел мемлекетінен мәселені ше­шуге қажетті құжаттарды сұратады. Олардың түскені мен қаралуынан кейін біз Қазақстанның аумағында шет мемлекет үкімін тану және орын­дау туралы тиісті кепілдер береміз. Мұндай беру екі Тараптың құзыретті органдары беруге келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Тек соңғы бес жыл ішінде Қазақ­станға шетелде жазасын өтеп жүрген біздің 158 азамат қайтарылды.Тек қа­­на Қытайдан сол мемлекетте ұзақ мер­зімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған біздің 11 азамат қайтарылды. Тағы 10 адам жазасын өтеуде, оларды Қазақстанға аудару үшін біз жұмыс жасаудамыз. Бұдан басқа, Қытайдағы қылмыстық процеске тартылған біздің тағы 13 азамат бар, олар бойынша қазіргі кез­де соттар немесе тергеу органдары түпкілікті шешімді әлі қабылдамаған. Бұл азаматтарға қатысты Қазақстанға беру бойынша жұмыс Қытайдың сот­тарымен түпкілікті шешімдер қа­былдағаннан кейін басталады.

Бұл есірткі заттарының контра­бан­дасы үшін өмір бойы бас бостан­дығынан айыру жазасына Гуанчжоу сотымен сотталған Ақжарқын Тұр­лы­байға да қатысты.

Оның апелляциялық шағымы үс­тіміздегі жылы 6 сәуірде Қытай со­тымен қаралады және осыдан кейін ғана біз оны аудару мәселесін қарас­тыра аламыз.

2015 жылдың 6 желтоқсанынан Қа­зақстан Республикасы Америка Құ­рама Штаттары тәрізді Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы аме­ри­кааралық конвенцияның (Ма­нагуа қ., 1993 жылғы 9 маусым) қа­тысу­шысы болып табылады.

Осыған байланысты АҚШ-тың уә­кілетті органының алдына Д.Қа­дыр­баев пен А. Әбдіғаппараваны Қазақстанға беру (тапсыру) туралы мәселе (сотталғандардың жақын туыс­тарынан түскен өтініштері не­гізінде) қойылған. Америка Құрама Штат­тарының Массачусетс шта­ты Федералдық сотының 2015 жыл­ғы маусымдағы шешімімен Диас Қа­дырбаев АҚШ Заңдары кодексінің 18-тарауының 371§ (Құрама Штат­тарын алдауға немесе қарсы қылмыс жасауға бағытталған сөз байласу), 1519§ (федералдық тергеудегі жаз­ба­ларды жою мен фальсификация) бойынша кінәлі деп танылып, оған 72 ай мерзімінде түрмеге қамау және ор­таша ұстау объектісінде жазасын өтеу түрінде жаза тағайындалған. Осы шешіммен Қадырбаевқа 200 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған.

Әсел Әбдіғаппарова кісі өлтіруге қатысқаны үшін Техас штатында 28 жылға түрмеге қамау түріндегі жаза­сын өтеуде. Қазіргі уақытта бұл ұсы­ныс­тар америкалық тараптың қа­рауын­да жатыр және оның жауабы осы уақытқа дейін түскен жоқ. Со­ны­мен қатар Бостон терактісі бойынша сотталған Азамат Тажаяқов немесе оның туысқандары Қазақстанға ауыс­тыру жөнінде арызбен жүгін­беген. А.Тажаяқовты ауыстыру тура­лы сәйкесінше өтініш келіп түскенде, бұл мәселе халықаралық және Қазақ­стан Республикасының ұлттық заң­намасына сәйкес қарастырылатын бо­лады.

Шетел азаматтарын өз азаматы болып табылатын мемлекетке жа­за­сын одан әрі өтеуге беру туралы мә­селеге бөлек тоқталғым келіп тұр. Соңғы 5 жылда біз 291 сотталған шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалуы мүмкін 375 млн тең­геден астам қазақстандық бюджет қа­ражаты үнемделді. Қазіргі таңда Қа­зақстанда 1 500-нан астам шетел­діктер өз жазасын өтеуде, оның 643-і Өзбекстан, 320-ы – Қырғызстан аза­ма­ты. Осы мемлекет азаматта­ры­нан біз­ге оларды өз отандарына ауыстыру жөнінде өтініштер көп түседі. Алайда өкінішке орай, бұл бізге ғана байла­нысты емес, ең алдымен қабылдаушы тарапқа байланысты.

Шетелдіктердің барлық өтініш­теріне біз шетелдегі әріптестерімізге өз елдеріне беруге дайын екендігімізді біл­діретін хат жолдаймыз. Бірақ оң жауап алмаймыз. Соңғы жылдары Қыр­ғызстанға жазасын өтеп жатқан 318 адамнан тек 26 сотталған адам ға­на берілді, ал Өзбекстанға бір де бі­реуі берілген жоқ.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.