You are here

Қару тапсырудың өзін бизнес еткен пысық жігіт осыдан қыруар табыс тапқан

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі күндері ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан үйлердегі тіркелмеген қаруларды тапсыру жөніндегі акцияның өзін табыс табудың бизнесіне айналдырған пысық жігіттер табылып жатыр.Солардың бірі – Алматы облысы Қаратал ауданының Көпбірлік атты шалғайдағы ауылында тұратын 29 жасар Сәлім Әлиманов есімді жігіт газеттен өтіп жатқан шара туралы оқыған бойда жақын маңдағы елді мекендерге шұғыл аттанады. Бизнестің жаңа түріне білек сыбана кіріскен өзі тұратын Балқаш көлінің аумағын біраз шарлап, жергілікті тұрғындар мен балықшылардан тегіс оқпанды қаруларын әрқайсысын 15 000 теңгеге сатып ала бастаған. Ол бар-жоғы 10 күннің ішінде осылай түрлі үлгідегі 12 тегіс оқпанды қару жинап алады да, Қаратал аудандық ішкі істер бөліміне өткізеді. Сол үшін пысық жігіт бірден 399 861 теңге таза пайда алған.

Көл жағасындағы ауыл жігітінің бұл бизнесі қазір көрші Қарағанды облысына да жетіпті. Сөйтіп, Балқаштың келесі бетіндегі қаруы бар тұрғындар да бұған тартыла бастаған. Алайда, көп ұзамай бұл дақпырт прокурорлардың құлағына жетіп, олар «алыпсатарлықтың» жолын кесті.

Қаратал ауданының прокуроры Құралбек Шойбековтің сөзіне қарағанда, заңсыз сақталып келген қаруды ерікті түрде тапсыру азаматтарды қылмыстық жауапкершіліктен босатады. Қылмыстық жауапкершіліктен босағаннан бөлек, оған ерікті түрде қару тапсырғаны үшін материалдық өтемақы төленеді. Бірақ қаруларды өз бетімен сатып алатындай Сәлім Әлимановқа ешкім құқық берген жоқ. Бұл жағдайда ол азаматтық қаруды сатып алу үшін ішкі істер органдарынан рұқсат алу керек екен.

Қаратал аудандық прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы атына қару сатып алушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.

Руслан ИГІЛІК.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.