You are here

ҚАЛЖЫҢДАП ҚОҢЫРАУ ШАЛАТЫНДАРҒА ҚҰЛАҚҚАҒЫС

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде лаңкестік барша адамзат үшін үлкен қауіп төндіретін қатерлі құбылыс болып отыр. Сондай-ақ, нағыз лаңкестікпен бірге жалған лаңкестік деген де жыл санап өршіп барады. Жалған лаңкестік адамдардың өміріне қауіп төндірмесе де, жұртты әбігерге салып, үрей мен қорқыныш ұялатып, онан қалды материалдық шығындар әкеледі.

Ақмола облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының бөлім бастығы С.Белгібековтың айтуынша, өткен жылы жалған лаңкестік бабымен бес қылмыстық іс қозғалса, биылғы жылдың басынан бері төрт қылмыс қозғалған. Соңғы жылдарда еліміздің барлық өңірлерінде көбейіп кеткен жалған лаңкестікке байланыс­ты мұндай қылмысты ауыздықтау мақсатында оған қарсы қолданар шара қатаңдатылды. Қазір жалған лаңкестік ауыр қылмыс түріне жатқызылады. Қылмыстық кодекстің 242-бабына сай, осындай қылмыс жасаушылар 200-500 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу, болмаса алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады. Көріп отырғанымыздай, жәй қалжыңдап телефон соғудың салдары оны жасаған адамға оңайға соқпайды.

Десек те, бұзақылықтың немесе мастықтың салдарынан осындай әре­кетке баратындар қатары азаймай отыр. Мәселен, Г. деген азамат арақтың қызуымен кезекші полицияға Абылай хан даңғылының бойындағы бір пәтерге бомба қойылған деп телефон шалады. Қалалық ішкі істер, онан қалды төтенше жағдайлар жөніндегі орган қызметкерлері аяғынан тік тұрып, оқиға орнына жетеді. Бірақ, бомба табылмады. Әйеліне деген ашуын осылай қайтармақ болған азамат, арада жарты сағат өт­кеннен кейін полиция қызметкерлері қолына кісен салғанына аң-таң қалды. Ол оқиғаның дәл осылай өрбитінін мүлдем сезбеген тәрізді.

Бүгінде Ішкі істер департаментінде жалған лаңкестікті анықтаумен айналысатын арнайы бөлім жұмыс жасайды. Ең озық техникамен жарақталған оларға телефон шалған жалған лаңкесті анықтау үшін небары жарты сағаттай ғана уақыт қажет. Ішкі істер органы, прокуратура жалған лаңкестіктің залалдылығын, мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп БАҚ арқылы айтып, жазып жатыр. Биылғы жылдың басынан бері ғана осындай тақырыппен 11 мақала жарық көрген. Бірақ, онан сабақ алып жатқандар аз сияқты.

Қалкөз ЖҮСІП, «Заң газеті» Ақмола облысы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.