You are here

ҚАДАҒАЛАУШЫ ОРГАН ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының прокуратура органдарының қызметкерлері бұқара халықпен кездесті. Көксу ауданы Балпық би ауылындағы жүздесуге облыстық прокуратурының екінші, төртінші, бесінші басқарма басшылары Ермек Жақсыбаев, Алтай Әлманбетов, Бауыржан Мендыбаев, прокуратура басқармасынан Әлібек Мырзабеков, аудан прокуроры Қайрат Оңғарбаев, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және ауданның атқа мінген жауапты тұлғаларының төрт көзі түгел бас қосты.

Қараша қауыммен етене араласып, құқықтық сауалдарына көзбе-көз жауап берген бақылаушы органның қызметкерлеріне қойылған сұрақтар да көп болды. Мәселен, аудандық білім бөлімінің басшысы Сағымбала Төкенова балабақшаларда заңгерлердің жоқтығы туралы сұрақ қойды. Бұл сауалға Алтай Әлманбетов мырза: «Білім беру министрлігінің білім беру штатында заңгер бірлігі қарастырылмағандықтан, өз басқармаларыңыз арқылы министрлікке заңгер сұратып хат жолдау керек, себебі, балабақшаларда заңгердің керектігі, бүгінгі күннің талабы», – деді. Сауал қоюшылардың арасында облыстық мәслихаттың депутаты Жанайдар Егінбаев аудандағы мал шаруашылығының жағдайын баяндап: «Аудан көлемінде жан басына шаққанда мал басының артық болуы заңға томпақ келуде. Төрт түлікпен күнелтіп отырған ауыл тұрғындарына мал басын өсіруіне еш кедергі болмаса, осы түйінді мәселені шешуге көмектессеңіздер», – деп, ауыл халқының өтінішін жеткізді. Бұдан кейін аудандағы ветеринария бөлімінің басшысы Нұрғалым Манзоров бөлімде инспектордың жетіспеушілігін тілге тиек етті.  Бұл сұраққа облыстық прокуратура өкілі Бауыржан Мендыбаев: «Әр бөлімде заң бойынша бір инспектордың болуы шарт. Мысалы, сіздер үш адамсыздар, үшеулеріңіз бір-бір көшеден бөліп алсаңыздар болады. Егер де бұл тиімсіз болса, малды сол кезде тексеріп, ауру мал болса, онда инспекторға хабарлап, сол мезетте протокол толтыру қажет. Жұмыс орнына оралған соң базаға енгізіп, барлығын толыққанды қарап шығуға болады. Ең бастысы, заңбұзушылық әрекеттерге жол берілмеуі керек», – деген жауап берді. Жиында алуан түрлі сауалдарға жауап берген прокуратура қызметкерлері алдағы уақытта мұндай кездесулерді жиі-жиі өткізіп тұруға келісті.

Құзырлы органдардың есігін тоздырып, қабылдай ма, қабылдамай ма деп, арыз-шағымдарын арқалап сабылып жүретін қараша қауымның алдына қадағалаушы орган өкілдерінің өздері келіп, жиналған қауымның сауалдарына құқықтық дәрежеде жауап берді. Елбасы құқық қорғау органдарының басын қосқан жиында: «Халықпен етене араласып, заң жүзінде саяси сауаттарын ашуға жұмылу керек», – деген-ді. Сол тапсырманы прокуратура органдары жүзеге асыруға белсене кірісіп кетті.

Айтақын БҰЛҒАҚОВ, «Заң газеті», Алматы облысы 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.