You are here

«Қабақ баба» — қаладағы үлгілі мешіт

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасымен Ақтөбе қаласындағы мешіттер арасында жүргізілген байқау нәтижесінде «Қабақ баба» мешіті «Үлгілі мешіт» деп танылды. Аталмыш марапатты ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғилымбек Мажиев жұма намазына жиналған жамағат алдында табыс етті.

28 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Астана қаласынан келген Діни басқармаға қарасты 30 дін саласының мамандары шаһарға келіп, мешіттердің жұмыстарымен танысу мақсатында жұмыстар жүргізуде. Түрлі оқу семинарлары ұйымдастырылуда. Қазақстан діни басқармасының сараптау тобы қалалық мешіттердің ішінен үлгілі мешіт номинациясы жөніндегі шешімін қабылдады. Нәтижесінде мешіттің күмбезінің, мұнарасының, қоршауының болуы, ауласының тазалығы сынды барлық шариғат талаптарына сай «Қабақ баба» мешіті үлгілі деп танылды.

— Алғаш Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 68 мешіт болды. Қазір 2500-ден астам мешіт өз жұмыстарын жүргізуде. Соңғы жылдары осындай заман талабына сай мешіттердің салынуы біздерді қуантады.

Біздің Ақтөбеге келудегі басты мақсатымыз — мешіттерді, діни басқарманың құзырындағы оқу орындарын білікті де білімді діни мамандармен қамтамасыз ету. Қазір өңірдегі Мұғалжар, Темір аудандарында жаңадан имамдар мен Ақтөбе медресесіне білікті ұстаз тағайындалды. Алдағы уақытта әлі 7 имам тағайындау жоспарымызда бар. Ал аттестациядан өту кезінде 10 адам өзінің төмен білім деңгейін көрсетті. Олармен қосымша оқыту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тағы бір айта кетерлігі, Ақтөбе медресесінде сырттай оқу бөлімін ашу жұмыстары жоспарлануда, — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғилымбек Мажиев.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45698

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.