Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше  Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Андрей Кравченко Бас прокуратура мен Қазақстан Интернет қауымдастығының белсенді әрекеттесуі прокуратура органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті.Тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған күш-жігерді шоғырландыруды көздеп отыр. Соңғы жылдары прокуратура органдары интернет-кеңістікте заңсыз материалдардың таралуының жолын кесу мақсатында 2011 жылдан бастап басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп 90 000-нан астам интернет-ресурстардың мониторингін жүзеге асырып, экстремизм және терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау әдістері туралы ақпараттарды таратудың анықталған фактілері бойынша  жұмыс жүргізді. Астана және Алматы қалаларының соттары аталған мерзім ішінде 596 интернет-ресурстың өнімін Қазақстан аумағында таратылуын заңсыз деп тану жөніндегі прокурорлардың арыздарын қанағаттандырды.

Осылайша тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.