You are here

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысында ведомствоаралық топ белсенді  жұмыс жасауда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2016 жылғы 29 қыркүйектен Ақтөбе облысында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Аса маңызды жобаны бірлесіп атқару үшін аймаққа ведомствоаралық топ келді. Бұл топтың құрамына 200-ге тарта маман тартылған. Олардың басым бөлігін мемлекеттік қызметкерлер емес, негізінен азаматтық сектор сарапшылары, бизнес субъектілерінің, даму институттарының, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құрайды.

Осы туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба жүзеге асырылғаннан бері топ мүшелері облыстың 57 мың тұрғынымен жүздесіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты әңгіме­лер жүргізді.
Негізгі бағдар облыстың қалалары мен ауыл­дарының тұрғын­дарына мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін нақты түсіндіру арқылы жасалуда. Сондай-ақ өңірде биз­нестік ортаны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Нақты азаматтардың көкейкесті мәселелерін түсіну және оларды жедел шешу үшін топ жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірге осы күндерде Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хром­тау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті, ша­ғын және орта бизнес объектілерінде болды. Адамдарға, оның ішінде 909 кәсіпкерге бизнесті ашу механизмдері, шағын бизнес түрлері, инфрақұрылымдарға жол, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдаулар туралы айтылды. Жекелей алғанда 167 кәсіпкерге кеңес берілді.
Бұл аудандарда ауыл жастары үшін өз бизнестерін ұйымдастыру және жүргізу бойынша тренингтер, семинарлар және шеберлік кластары жүргізілді. Оларға бизнес жоспар жасауға көмек көрсетіліп, өтімді бизнес-идеялар ұсынылды.
Бұл тренингтер тұрғындар арасында айрықша қызығушылық тудырды. Тұрғындардың сұрауына орай аталған тренинг бойынша арнаулы сюжет түсі­ріліп, таяу уақытта жалпы жұртшылыққа көр­сеті­летін болады.
Істерін жаңадан бастаушы 85 жас кәсіпкер әйелге визаж және жарнама бойынша шеберлік класы өткізілді.  Оларға бұл қызметпен шұғылдануға сертификаттар тапсырылды. 7 азаматқа жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге құқықтық ықпал жасалды. 2 бизнес жоба мақұлданды. 9 кәсіпкерден шағын несие алуға өтініш қабылданды.
Аталған аудандардың 28 селолық әкімі бизнес-идеялар туралы білім алып, ақпараттармен қамтамасыз етілді. Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдармен бірге өңірдің әлеуметтік мәселелері де шешілуде.
Жұмыстың 10 күні ішінде Алға және Мұғалжар аудандарында топ 16 жұмыссызға жұмыс табуға көмектесті. Жұмыс берушілермен келіспеушілік туындауына жол бермеу мақсатында 21 ұжымның 1400-дей қызметкеріне еңбек құқықтары түсіндірілді.
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 962 адаммен кездесу өтіп, оларға «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары түсіндірілді, 47 адам көмек алды.
Мәселен, Алға ауданындағы Бесқоспа селолық округінің тұрғыны Есеналина Гүлбануға көп балалы ана ретінде жасы келуі бойынша зейнетақы төлемін тағайындау жөнінен көмек көрсетілді.
Тұрғындардың денсаулығы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері аталған аудандарда 1830 адамды тексеруден өткізді, олардың арасынан 467 адамға тиісті емдеу жасалу үшін медициналық мекемелерге жолдама берілді.
Алдын ала тексерумен 1942 мектеп оқушысы қамтылды, олардың арасынан 271-і сауықтыруға жіберілді. Астана және Алматы қалаларынан келген жетекші дәрігерлер 2,5 мың азаматты қабылдады, олардың 155-не көмек көрсетілді. Атап айтқанда, бір күн бұрын «Денсаулық» медициналық пойызының мамандарына ішінің өткір ауыруына байланысты шағымданған Наталья Төлемісоваға операция жасалды. Сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық. Осы дәрігерлер орталық аудандық аурухана базасында 2 жергілікті тұрғынға операция жасады (өспелі гематомаға байланысты бас сүйегі ішіне операция жасау, жұлын жарақатынан соң қуық қалбыршағының әлсіреуі).
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомство­аралық топтың жұмысының басқа бағыт­тары бойынша да патрио­тизмді көтеру, отбасылық құндылықтарды, ұлтаралық келі­сімді нығайтуға бейімдейтін ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Күн сайын әртүрлі аудитория алдында министрліктердің тәжірибелі басшылары, теологтар мен психологтар сөз сөйлейді. Негізінен, теологтар және дінтанушылар 11,6 мыңнан  астам адамға экстремизм идеологиясының мәнін түсіндірді.
Мектеп оқушыларына, студенттерге, кәмелетке жасы толмағандар инспекциясында есепте тұратын балаларға радикалдардың жас адамдарды өз қатарына қалай тартатыны, олардың идеологиясы жастарға қалай әсер ететіні, тыйым салынған қызметтерге қатысқаны үшін қандай жауапкершілік туындайтыны түсіндірілді.
14 үлгілі имамды дайындап, мешітке 4 жаңа имамды тағайындау, 3 мешітті дінге сенушілер үшін үлгілі және ашық етіп жасау жоспарлануда, оның ішінде қайыр-садақаларды ашық санау да жүзеге асырылады.
Ақтөбе қаласында «Үлгілі мешіт» ретінде «Қабақ баба» мешіті 150 діни сенімдегі адамдарға таныстырылды.
Аймақтың діни қызметкерлері санасында мешіт қызметкерінің үлгі боларлық тұлғасын қалыптастыру мақсатында «Имамның бір күні» атты бейнеролигі беріледі.
Ақпараттық-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Күн сайын аптасына 5 рет, жергілікті телеканалдарда, әлеуметтік желілерде «ИГИЛ», «Орындалмаған армандар қайда апарады», «Жалған лаңкестік» және «Лаңкестік қаупі» атауларымен әлеуметтік бейнероликтер беріледі.
Облыс басшылығының бастамасымен өңір бойынша «Есігімді қаққан кім?» спектаклін қоюмен театр гастролі жалғасуда. Қойылым Сирияға жихадқа кеткен және бәрінен айырылған отбасының тағдыры туралы әңгімелейді. Мектептерде, колледждерде, еңбек ұжымдарында, демалыс орындарында ағымдағы жылдың 3 қазанынан «Шырмауық» спектаклінің жазбасын және тақырыптық бейне роликтерді көрсету басталды.
Сайттарды жасау мен оларды әкімшілендіру әдістері тегін үйретілді, бұл 8 өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарына интернет-ресурстар форматына көшуге мүмкіндік берді. «Отау ТВ» ұлттық спутниктік телевидениесіне 151 отбасы қосылды.
Сондай-ақ, топ лаңкестік қаупі болғанда немесе актісі жасалғанда адамдарға өзін-өзі салмақты ұстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Осы мақсатта Темір және Хромтау аудандарының 3 мыңдай тұрғынымен үйретушілік кездесулері өтті. Оларға 4,5 мыңнан астам көрнекі кітапшалар таратылды.
12 нысанның лаңкестікке қарсы қорғаныстық ахуалы зерттелді, төтенше жағдайлар туындағандағы әрекеттер жасалды.
Мектептердің, вокзалдардың, ауруханалар мен ұйымдардың қызметкерлерімен бірге 16 жаттығу шаралары өткізілді. Олардың қорғаныштылығын күшейту бойынша шаралар жасалды.
Жекелеген топ күштік блокты нығайту мәселелерімен шұғылдануда. Бұл мақсатта өзара әрекет ету схемасы мен хабарландыру жүйесін тосыннан тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, кү­штік құрылымдардың жеке құрамы үшін аймақта 5 командалық-штабтық жаттығулар, 12 нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізілді, туындаған қауіптерге байланысты қимыл жасау және әзірлікті көтеруге байланысты жергілікті құрылымдарға әдістемелік және практикалық көмектер көрсетілді.
Тұтастай алғанда, осы күндерде топтар барлық бағыттар бойынша әр түрлі шаралар жүргізді, оған 57 мың адам қамтылды, мыңдаған және 1700 адамға көмек көрсетілді. Қажеттілік болған жерлерде барлық бағыттар бойынша азаматтарды қабылдау күн сайын жүргізіледі.
Облыс тұрғындары тарапынан оң ниеттестік байқалуда. Ауылдар мен қалалардағы халық топтың жұмысын мақұлдап отыр. Барлық жеті бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

http://economics.kazgazeta.kz/?p=18281

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.