You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы: он күннің оңды нәтижелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Президенттің тапсырмасы бойынша 2016 жылғы 29 қыркүйектен облыста «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Аймаққа ведомоствоаралық топ келді, оның құрамында 200 маман бар, олардың жартысынан астамы мемлекеттік қызметкерлер емес, негізінен азаматтық сектор сарапшылары, бизнес субъектілерінің, даму институттарының, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Тәжірибелі кадрлар іріктеліп алынған.

Жоба жүзеге асырылғаннан бері топтар облыстың 45 мың тұрғынын қамтыды.

Негізгі бағдар облыстың қалалары мен ауылдарының тұрғындарына мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін түсіндіруге жасалуда. Сондай-ақ өңірде бизнес ортаны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Нақты азаматтардың көкейкесті мәселелерін түсіну және жедел шешу үшін топ жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірге осы күндерде Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті, шағын және орта бизнес объектілерінде болды. Адамдарға, оның ішінде 909 кәсіпкерге бизнесті ашу механизмдері, шағын бизнес түрлері, инфрақұрылымдарға жол, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдаулар туралы айтылды. Жекелей алғанда 167 кәсіпкерге кеңес берілді.

Бұл аудандарда ауыл жастары үшін өз бизнестерін ұйымдастыру және жүргізу бойынша тренингтер, семинарлар және шеберлік кластары жүргізілді. Оларға бизнес жоспар жасауға көмек көрсетіліп, өтімді бизнес-идеялар ұсынылды.

Бұл тренингтер тұрғындар арасында айрықша қызығушылық тудырды. Тұрғындардың сұрауы бойынша аталған тренинг бойынша арнаулы сюжет түсіріліп, таяу уақытта жалпы жұртшылыққа көрсетілетін болады.

Жұмыстарын жаңадан бастаушы 85 жас кәсіпкер әйелге визаж және жарнама бойынша шеберлік класы өткізілді. Оларға бұл қызметпен шұғылдануға сертификаттар тапсырылды. 7 азаматқа жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге құқықтық ықпал жасалды. 2 бизнес-жоба мақұлданды. 9 кәсіпкерден шағын несие алуға өтініш қабылданды.

Аталған аудандардың 28 селолық әкімі бизнес-идеялар туралы білім алып, ақпараттармен қамтамасыз етілді. Енді олар село тұрғындары мен кәсіпкерлердің бизнес-бастауларында оларға көмекші бола алады.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге бір мезгілде өңірдің әлеуметтік мәселелері де шешілуде.

Жұмыстың 10 күні ішінде Алға және Мұғалжар аудандарында топ 16 жұмыссызға жұмыс табуға көмектесті. Мысалы, Алға қаласындағы №5 орта мектепке ұзақ уақыт бойы жұмысқа тұра алмай келген үш әйел психолог, лаборант және тәлімгер болып орналасты.

Жұмыс берушілермен келіспеушілік туындауына жол бермеу мақсатында 21 ұжымның 1400-дей қызметкеріне еңбек құқықтары түсіндірілді.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан 962 адаммен кездесу өтіп, оларға «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары түсіндірілді, 47 адам көмек алды.

Мәселен, Алға ауданындағы Бесқоспа селолық округінің тұрғыны Гүлбану Есеналинаға көпбалалы ана ретінде жасы келуі бойынша зейнетақы төлемін тағайындау жөнінен көмек көрсетілді.

Топ мүшелері Қандыағаш қаласы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша 2012 жылы туған Жансерік Н. деген баланы балалар бақшасына орналастыру туралы мәселені шешті. Оның әжесінің айтуынша, бала 2014 жылдан кезекте тұрған және бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген.

Тұрғындардың денсаулығы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

«Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері аталған аудандарда 1830 адамды тексеруден өткізді, олардың арасынан 467 адамға тиісті емдеу жасалу үшін медициналық мекемелерге жолдама берілді.

Алдын ала тексерумен 1942 мектеп оқушысы қамтылды, олардың арасынан 271-і сауықтыруға жіберілді. Астана және Алматы қаласынан келген жетекші дәрігерлер 2,5 мың азаматты қабылдады, олардың 155-іне көмек көрсетілді. Атап айтқанда, бір күн бұрын «Денсаулық» медициналық пойызының мамандарына ішінің өткір ауруына байланысты шағымданған Наталья Төлемісоваға операция жасалды. Сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық. Осы дәрігерлер орталық аудандық аурухана базасында 2 жергілікті тұрғынға операция жасады (өспелі гематомаға байланысты бас сүйегі ішіне операция жасау, жұлын жарақатынан соң қуық қалбыршағының әлсіреуі). Емделушілердің жағдайы жасалған операцияның ауырлығына сәйкес күйде.

Ведомоствоаралық топтың жұмыстарының басқа бағыттары бойынша да патриотизмді көтеру, отбасылық құндылықтарды, ұлтаралық келісімді нығайтуға бейімдейтін ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  Мемлекет басшысы да бұл мәселелер туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Күн сайын әртүрлі аудитория алдында министрліктердің тәжірибелі басшылары, теологтар мен психологтар сөз сөйлейді. Негізінен, теологтар және дінтанушылар 11,6 мыңнан  астам адамға экстремизм идеологиясының мәнін түсіндірді.

Мектеп оқушыларына, студенттерге, кәмелетке жасы толмағандар инспекциясында есепте тұратын балаларға радикалдардың жас адамдарды өз қатарына қалай тартатыны, олардың идеологиясы жастарға қалай әсер ететіні, тыйым салынған қызметтерге қатысқаны үшін қандай жауапкершілік туындайтыны түсіндірілді.

Жастармен профилактикалық шаралар аясында мәдени-көпшілік шаралар жүргізілуде.

Мәселен, ағымдағы жылдың 7 қазанында Алға қаласында ауданның 80 жасөспірімі үшін жастар арасында футболдан аудандық турнир ұйымдастырылып, өткізілді. Экстремизм мен лаңкестікті насихаттауға қарсы әрекет мақсатында интернетте лаңкестік бағытындағы 110 бейнематериалдар анықталды, олар оқшауландырылды немесе меншік иелерімен контентті өз бетімен жою туралы келіссөздер жүргізілді.

Екі аудандық мешітке Алматыдан тәжірибелі имамдар тағайындалды.

Барлығы 14 үлгілі имамды дайындап, мешітке 4 жаңа имамды тағайындау, 3 мешітті дінге сенушілер үшін үлгілі және ашық етіп жасау жоспарлануда, оның ішінде қайыр-садақаларды ашық санау да жүзеге асырылады.

Мұғалжар ауданындағы «Нұртай» мешітіне бас имам болып Е.Жүсіпов, Темір ауданындағы «Досжан ишан» мешітіне М.Пірімқұлов тағайындалды. Олардың екеуінің де теологиялық жоғары білімі және имам болып істеген жұмыс тәжірибесі бар.

Ақтөбе қаласында «Үлгілі мешіт» ретінде «Қабақ баба» мешіті 150 діни сенімдегі адамдарға таныстырылды.

Аймақтың діни қызметкерлері санасында мешіт қызметкерінің үлгі боларлық тұлғасын қалыптастыру мақсатында «Имамның бір күні» атты бейнеролигі беріледі.

Ақпараттық-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Күн сайын аптасына 5 рет, жергілікті телеканалдарда, әлеуметтік желілерде «ИГИЛ», «Орындалмаған армандар қайда апарады», «Жалған лаңкестік» және «Лаңкестік қаупі» атауларымен әлеуметтік бейнероликтер беріледі.

Облыс басшылығының бастамасымен өңір бойынша «Есігімді қаққан кім?» спектаклін қоюмен театр гастролі жалғасуда. Қойылым Сирияға жихадқа кеткен және бәрінен айырылған отбасының тағдыры туралы әңгімелейді. Мектептерде, колледждерде, еңбек ұжымдарында, демалыс орындарында ағымдағы жылдың 3 қазанынан «Шырмауық» спектаклінің жазбасын және тақырыптық бейнероликтерді көрсету басталды.

Жергілікті БАҚ-қа да әдістемелік көмек көрсетілуде.

Оларға әкімшілендірудің сайттары мен әдістерін жасау тегін үйретілді, бұл 8 өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарына интернет-ресурстар форматына көшуге мүмкіндік берді. «Отау ТВ» ұлттық спутниктік телевидениесіне 151 отбасы қосылды.

Сондай-ақ, топ лаңкестік қаупі болғанда немесе актісі жасалғанда адамдарға өзін-өзі салмақты ұстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.

Осы мақсатта Темір және Хромтау аудандарының 3 мыңдай тұрғынымен үйретушілік кездесулері өтті. Оларға 4,5 мыңнан астам көрнекі кітапшалар таратылды.

Оқу және практикалық сабақтарынан соң бұл аудандарда 1 мыңдай мектеп оқушылары мен мұғалімдер өздерін ұстаудың дағдыларын игерді.

12 нысанның лаңкестікке қарсы қорғаныстық ахуалы зерттелді, төтенше жағдайлар туындағандағы әрекеттер жасалды.

Мектептердің, вокзалдардың, ауруханалар мен ұйымдардың қызметкерлерімен бірге 16 жаттығу шаралары өткізілді. Олардың қорғаныштылығын күшейту бойынша шаралар жасалды.

Жекелеген топ күштік блокты нығайту мәселелерімен шұғылдануда. Бұл мақсатта өзара әрекет ету схемасы мен хабарландыру жүйесін тосыннан тексеру жүргізілуде.

Бұдан басқа, күштік құрылымдардың жеке құрамы үшін аймақта 5 командалық-штабтық жаттығулар, 12 нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізілді, туындаған қауіптерге байланысты қимыл жасау және әзірлікті көтеруге байланысты жергілікті құрылымдарға әдістемелік және практикалық көмектер көрсетілді.

Тұтастай алғанда, осы күндерде топтар барлық бағыттар бойынша мыңдаған әртүрлі шаралар жүргізді, оған 57 мың адам қамтылды және 1700 адамға көмек көрсетілді.

Қажеттілік болған жерлерде барлық бағыттар бойынша азаматтарды қабылдау күн сайын жүргізіледі.

Облыс тұрғындары тарапынан оң ниеттестік байқалуда. Барлық жеті бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45808

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.