You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы: 5 аудандағы жүздесулер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстың 5 ауданында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы бізге «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.

Бұл ретте мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Мұғалжар ауданында «Ауқымды түсіндіру жұмыстары» бойынша 423 адамды қамтыған 9 шара өткізілді. Екі кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер және жергілікті полиция қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның 130 оқушысымен және мұғалімдерімен екі кездесу өтті. Оқушыларға жүзеге асырылып жатқан жобаның мақсаттары мен міндеттері хабардар етілді, оларға «салафизмнің» бүлдіргіштік мәні түсіндірілді, сондай-ақ қарсы насихаттық бейнероликтер көрсетілді. Бұдан басқа, тыңдаушыларға экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша кітапшалардың үш түрі таратылды.

«Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша Темір ауданында 185 адамды қамтыған 2 шара өткізілді. Мәселен, Кеңқияқ поселкесінде 150 жаңа бастаған, әлеуетті және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Оларға кәсіпкерлік саласында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың шарттары түсіндірілді.

35 азаматқа қабылдау жүргізілді. Негізінен олар кеңес алуға келіп, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары мен талаптары түсіндірілді, қандай бағдарламаларды пайдаланған тиімді екендігі жөнінде кеңестер берілді.

Бұл ретте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ секілді даму институттары ағымдағы жылдың 1-14 қазаны аралығында 113,7 миллион теңгеге 40 бизнес-жоспарды қабылдады, оның ішінде 5 жоба бойынша 17,3 миллион теңге берілді, 38,5 миллион теңге тұратын 18 жоба мақұлданды, 57,9 миллион теңгеге бағаланған 17 жоба қаралу үстінде.

«Әлеуметтік проблемаларды шешу» бағытымен Шалқар ауданында 41 шара жүргізілді, 580 адам қамтылып, 89 адам көмекке ие болды.

Жобаға қатысушылар үйлерді аралап, 113 мүгедек жандармен жолықты, көпбалалы және аз қамтылған отбасылары мен 1960 жылы дүниеге келген әйелдермен кездесті. Олардың арасында көпбалалы отбасыларын арнаулы мемлекеттік жәрдеммен қамту мәселесі бойынша ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, үйлерді аялау аумағында «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру және атаулы әлеуметтік көмекті көрсету жаңа форматын енгізу бойынша әңгімелер өткізілді. 17 отбасының қажеттілігін бағалау бойынша оларға кезекті әлеуметтік көмек көрсету үшін жұмыстар жүргізілді.

Қауылжыр селолық округінің 230 тұрғынымен кездесу өткізілді, оларға мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына көмек көрсету тәртібі, мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру жайы түсіндірілді. Тұрғындар оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету туралы мәлімет алды.

«Денсаулық» медициналық пойызы дәрігерлері 227 адамды қабылдап, денсаулықтарын тексерді.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45979

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.