You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жоба жұмысы жалғасып жатыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыста «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жалғасып жатыр. 22 қазан күні мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары Темір, Хромтау, Қарғалы және Ақтөбе қаласында өтті. «Ауқымды түсіндіру жұмыстары» бағыты аясында Темір ауданында 8 шара өтіп, оған 282 адам қатысты. Тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстары бойынша  221 адам қамтылды. Бұл жұмыстар аудандар мен  ауылдарда да жалғасты. Қопа ауылында өткен жиында  жоғары оқу орындарына арналған білім беру гранттарының мүмкіндігі  туралы айтылды. Ақтөбе қаласында «Бизнес ортаны дамыту» бағдарламасы бойынша 122 адамды қамтыған екі шара өтті.

Ал Қарғалы ауданының әкімдігінде 80 адамды қамтыған  дөңгелек үстел өтті. Басқосуда бизнес, ауыл шаруашылығы бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі түсіндірілді. Сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ, проблемалық  сұрақтар бойынша қабылдау өткізіліп, оған  42 адам келді.

Қазан айында Ақтөбе қаласындағы ұсыныс жасаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастама көтерген тұрғындар арасынан 308 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. «Атамекен» ұлттық палатасы 54 тұрғынға сервистік қызмет көрсетті. Құқық қорғау органдары 48 қабылдау жүргізсе, 11 адам мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінетін  жер учаскелеріне қатысты кеңес алған. «Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша Хромтау ауданында 2094 адамды қамтыған 37 шара өтті. Оның ішінде 309 адам көмек алған. «Денсаулық» пойызының дәрігерлеріне 147 адам қаралса, оның ішінде 101 адам медициналық көмек алған. Сондай-ақ, 1122 мектеп оқушысы профилактикалық тексерумен қамтылды.

Астана мен Алматы қалаларынан келген дәрігерлерге 608 адам қаралып, оның 121-і емделуге жолдама алды. Сырттан келген дәрігерлердің қатысуымен 29 хирургиялық ота жасалды.

Қайта тексеру кезінде халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобындағы 93 адам қамтылып, оның ішінде 5 адам көмек алды.

Жұмыспен қамтуға арналған  жәрмеңкеде 10 адам жұмысқа орналасты.  Сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету және білім беру мәселелері  бойынша 95 азаматтың қатысуымен кездесу өтті.

 «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46335

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.