You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету»: жан-жақты жұмыстар жүргізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» орталығы хабарлады.

Хромтау ауданында «Бизнес ортаны дамыту» бағдарламасы бойынша 387 адамды қамтыған 4 шара өтті, 13 адам көмек алды.

Хромтау қаласындағы тау-кен техникалық колледжінің акт залында 230 жас жігіттер мен қыздар үшін семинар ұйымдастырылды, онда кәсіпкерлік, кәсіпкердің психологиясы мен табысқа бағдар ұстау дағдылары туралы айтылды.

Сондай-ақ аудан әкімдігінде кәсіпорындардың 50 басшысымен Хромтау қаласының бас жоспарын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Ақжар селосындағы Мәдениет үйінде селолық округтің 100 кәсіпкерімен кездесу болды.

Темір ауданында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» бағдарламасы аясында 2109 жергілікті тұрғынды қамтыған 11 шара өткізілді, осында 260 адам көмек алды.

Мәселен, «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері 181 адамды қарап, 108 адамға көмек көрсетті. Профилактикалық тексеруден 1010 оқушы өтіп, 11 оқушыға оларды сауықтыру бойынша шара қабылданды. Астана, Алматы қалаларынан келген ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың мамандары 368 адамды қарап, 34 адамға емделуге жолдама берді.

Еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарымен 42 адам қамтылды.

Топ мүшелері 257 мүгедекпен, этникалық қазақтармен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен, 1960 жылы туған әйелдермен үй аралап жүріп кездесіп, олардың арасынан 6 адамға көмек берді.

Азаматтарды еңбекке орналастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алдында өткізілген бос орындар жәрмеңкесі нәтижесі бойынша 80 адамның жұмысқа орналасқаны туралы қосымша мәлімет түсті, оларға жәрмеңке барысында жолдама берілген болатын.

Еңбекақы, зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударылымдар бойынша қарызы бар кәсіпорындардың басшыларымен жұмыстан оң нәтиже көрінуде. Мысалы, «Нитрохим «Казцкуб» ЖШС 21 жұмысшысы алдындағы 1,4 миллион теңге мөлшеріндегі қарыз шегерілді.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46183

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.