You are here

Халықпен кездесті, кеңес берді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов бастаған республикалық ведомствоаралық жұмыс тобы өкілдері Темір ауданына келді.

Топ құрамында ҚР Бас прокуратурасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Аграрлық несие корпорациясы, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ  өкілдері бар.

Олар, мемлекеттік бағдарламаларды көпшілікті жан-жақты түсіндіру мақсатында, бес күн бойы ауданда кәсіпкерлерімен кездесулер, жастарға арналған бизнес-трениг сабақтарын, дөңгелек үстелдер өткізді.

Шаралар аясында аудан тұрғындарына бизнесті ашу және жүргізу, одан соң инфрақұрылымға қол жеткізу, сондай-ақ бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау төңірегінде кеңестер берілді.

Топ мүшелері Темір қалалық клубында  ауылдық елді мекендердің әкімдерімен дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар, тұрғындар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Қабылдауда кәсіпкерлер жеке кәсіппен айналысқысы келетін адамдарға кедергілер әлі де көптігін, несие алуға қажетті құжаттарды жинауда сарсаңға түсетіндерін жеткізді. Несие беретін мекемелер арасында байланыс жоқ. Тағы басқа да кепілдік, несиеге байланысты да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жатты.

Сондай-ақ, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісу үшін, табысты кәсіпкерлермен бірге жастарға арналған семинар өткізілді. Шұбарқұдық пен Темірден бөлек, Кеңқияқ ауылында да халықпен кездесіп, тәжірибелік оқыту сабақтары ұйымдастырылды.

М.ЖАЙЛЫБАЙҰЛЫ,

Темір ауданы.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46332

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.