You are here

Халықаралық қадағалау қамтылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Цюрих қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 20-шы жыл сайынғы конференциясы мен жалпы жиналысына қатысты. Онда әлемнің 90-нан астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты.

Швейцария Конфедерациясының президенті, Швейцария Әділет және полиция департаментінің басшысы Симонетта Соммаруга, Швейцарияның Бас прокуроры Майкл Лаубер және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Форумда сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, лаңкестікті қаржыландыру, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.

Конференция аясында А.Дауылбаев Швейцария, Чехия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Малайзия, Әзербайжан, Оңтүстік Корея бас прокурорларымен және Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері бас прокуратураларының басшылығымен, сондай-ақ, Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстармен күресу Офисінің директорымен және ХПҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.