You are here

Ескі гүлзардың жаңа келбеті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

№6 орта мектеп маңындағы гүлзарды ауқымды өзгерістер күтіп тұр.  Өткен сенбіде бұл шағын бақты көркейту жұмыстары басталып, 1000 түп түрлі ағаш егілді.

Бүгінгі таңда тұрғындар серуендейтін гүлзардың жұмыс жоспары жасалды. Сенбілікті аралаған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың айтуынша, алаңның көлемі 23,3 мың шаршы метрді құрайды. Кіре берісі арка түрінде жасалып, тренажер, баскетбол, волейбол, үстел теннисі алаңдары, велосипед жолы салынады. Сондай-ақ мектеп және мектепке дейінгі балалар үшін ойын алаңдары болмақ.

— Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, екі айлық сенбілік жұмыстары жалғасуда. Қала бойынша барлығы 28 гүлзар салу жоспарланды. Бүгінде эскиздік жобасы дайын. Биыл күзде бұл алаңға тал егу және жерлерін тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Ал жаңа нысанның құрылысы алдағы жылы аяқталады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Жобада жаңа гүлзарды жарықтандыру, сахна алаңы, демалушылар үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату қаралған. Көгалдандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылмақ. Мұнда көлемі 252 шаршы метр «Велосипедшілер» деп аталатын гүлзар, жасыл желекпен көмкерілетін 3 көлеңке аспа орналастырылады.

Бұған дейін қалада екі жоба іске асырылған болатын. Олардың бірі 12-шағын аудандағы Сазды өзенінің бойында болса, ал екіншісі Сәңкібай батыр даңғылында ашылды. Аталмыш жаңа нысан бой түзесе, №6, №2 мектеп оқушыларына дене тәрбиесі сабағын өткізуге де қолайлы орын болмақ.

Сенбілікке қалалық әкімдік, мекеме қызметкерлері мен мәслихат депутаттары және мектеп оқушылары жұмыла атсалысты.

—Қаланың жасыл желекке айналуы, тал егуден басталады. Бүгін осы гүлзар алаңына 1000 түп ағаш ектік. Бұл орын қала тұрығындарының жиі өтетін жері. Сондықтан көңілді уақыт өткізетін, әрі қала сәулетін арттыра түсетін нысан болмақ. Бiздiң басты мақсатымыз – шаһардың гүлденіп, жыл бойы көрікті де таза болуы, — дейді сенбілікке қатысқан №22 сайлау округінің депутаты Қайыржан Таңатаров.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46326

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.