You are here

ЕСІРТКІ САТҚЫЗҒАНДАР ІСТІ БОЛДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды қаласында құқық қорғау саласына қатысты тағы бір шу шықты. Мұнда нашақорларға есірткі сатқызған төрт полиция қызметкері сотталып жатыр. Айыптаушының мәлімдеуі бойынша, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы криминалдық полицияның бұрынғы қызметкері екен.

«нашақорларға героин сатқызған» деген айыппен төрт полицей сот алдында жауап беруде. Бұл іс бойынша сотқа 39 куәгер шақырылды. Прокурор Бейімбет Түсіповтың мәлімдеуінше, бұлар есірткінің аса ауыр түріне жататын героинді салмақтап өлшеп те, дозалармен де аса ірі көлемде сатуды ұйымдастырған көрінеді. Осылайша, олар есірткі сатушыларды қылмыстық ортаның криминалдық элементтерінен және коррупцияға бой алдырмаған, таза жұмыс істейтін полиция қызметкерлерінен қорғап, өздеріне қызмет жасағандардың қауіпсіздігін қамтамсыз еткен.

Істі болып отырған тәртіп сақшылары Шахтинск қаласындағы ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. Оларға басшылық жасаған криминалдық полицияның жедел уәкілі деп саналады. Соның басқаруымен бұлар екі жыл бойы жергілікті нашақорларға героин сатқызған деген айып тағылып отыр. нашақорлар болса тергеу кезінде героинды ірі есірткі сатушылар (наркодиллер) сатып алатындығын айтқан. Бірақ олар есірткі алып жүрген ірі есірткі тасымалдаушылардың кімдер екені әлі анықтамаған көрінеді. Дереккөздің мәліметінше, қылмысты ашуға көмектескісі келмеген есірткіге тәуелді адамдар қылмыстық істің фигуранттарына айналған. Бірінші сот отырысына оларды қарауылдар айдап әкеліпті. 

Қазіргі кезде қоймадағы есірткінің сатылымға шығуы мүмкін емес. Сондықтан кейбір полицейлер нашақорлардың өздеріне есірткі сатқызып пайда жасамақшы болған сияқты. ІІМ мәліметтеріне қарағанда, республикада есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың саны 53 мыңнан астам. Әрине, бұл тек Денсаулық сақтау министрлігінің ресми тіркеуінде тұрғандар ғана, ал есірткіні жасырын қабылдап жүрген нашақорлар қаншама екенін ешкім білмейді. Жыл сайын елімізде тонналаған есірткі заттары тәркіленеді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заң бойынша синтетикалық есірткілерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Қазақстанда химиялық синтезделген каннабиноидтарды таратуға 2011 жылы тыйым салынған болатын.  

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.