You are here

Дүниежүзілік құқықтық саммит өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде кез келген ел заңының үстемдік құруына талап деңгейінде қол жеткізу үшін бар амалды жасап бағуда. Өйткені, өмірдің барлық саласында, яғни саясатта, экономикада, мәдениетте болсын, мемлекеттік тәртіп пен бизнес әлеуетінің өркендеуі үшін заңның үстемдік құрып,  жоғары құқық пен әділ сот төрелігіне қолжетімділік халықтың басты талабы болып табылады. Бұл өркениетті үрдістен Қазақстан да қалыс қалып жатпағаны анық. Мәселен, соның бірі ретінде айтар болсақ, кеше ғана еліміздің Бас Прокуроры А.Дауылбаев Ұлыбританияға барып, Дүниежүзілік құқықтық саммит жұмысына қатысты. Оның бұл қадамы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегацияның құрамында  Ұлыбританияға барған сапарында жүзеге асты.

Аталған форумды еркін экономика мен құқықтық үстемдікті дамыту мақсатында құрылған Магна Карта – Ұлы Еркіндік Хар­тиясының 800 жылдығын мерекелеу құрметіне британдық билік ұйымдастырыпты. Оған бүкіл әлемнің мемлекеттік және бизнес құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық ор­таның 2000-ға жуық өкілдері қатысты. Заңның үстемдік құруы, сот төрелігіне қол жетімділік, тұрақты даму, бизнес саласындағы халықаралық даулар, бизнес және адам құқықтары және т.б. мәселелер күн тәртібінің негізгі тақырыптары болды.

А.Дауылбаев шетелдік әріп­тестерімен – АҚШ, Канада, Ру­мыния, Түркия, Оман, БАӘ әділет министрлерімен және  бас прокурорларымен қылмыстық-құқықтық саладағы өзекті мәселелер бойынша екіжақты кездесулер өткізді. АҚШ-тың Бас прокуроры Э.Холдермен кездесуі барысында тараптар бір-бірін Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойылуымен құттықтады, сондай-ақ, құқықтық саладағы маңызды мәселелерді талқылады. Ал Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-әрекеттер кеңсесінің директоры Дэвид Гринмен кездесуі  барысында өзара мүдделілік туғызатын мәселелер, оның қатарында прокуратураның құқық қорғау қызметі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға қарсы тұру бойынша ынтымақтастық жасау, сонымен қатар Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуы, екіжақты шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар терроризмге қарсы іс-қимыл, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел ақпаратпен және жұмыс тәжірибесімен алмасудың шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігіне тоқталып, екі елдің арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап көрсетті. А.Дауылбаев екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ақпарат және жұмыс тәжірибесін алмасудың өзектілігін атап өтті. Экономикалық қылмыстарды, алаяқтықты, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстату және оларды қайтаруға қатысты экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу проблемаларына ерекше назар аударылды.  Осылайша олар қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне тиімді түрде тосқауыл қою, қылмыспен күрестің аймақтық мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеу үшін екі елдің құзіретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.