You are here

Дәрігерлер уланған қызға «есуас» деген диагноз қойған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанада дәрігерлер уланып, ауруханаға түскен қызға «ақылынан адасқан» деген диагноз қойған. Соның салдарынан агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова қайтыс болып кеткен.

Ауруханаға улану себебімен келген 20 жасар бойжеткен осылайша өзін бірінші қараған дәрігерлердің қателігінен психиатриялық диспансерге ауыстырылған. Осы жерде мүлдем басқа ем алған оның жағдайы күрт нашарлап, ақыры жантәсілім еткен.

Шынтуайтында, 29 қыркүйек күні астан ұшынған Жанар екі күн нәр татпай жатады. Жағдайы тіпті нашарлап бара жатқан соң, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына барады. Бұл кезде бойынан әл кетіп, әбден қалжырап қалған қызға қалай болса солай қараған ақ халаттылар оны дұрыстап тексермеген. Соның салдарынан одан улану белгісін көре алмаған. Ақырында эскулаптар онсыз да әрең сөйлеп отырған Жанардың бірде-бір сөзіне құлақ аспай, оның құрбысымен сөзге келіп қалғанын алға тартып, «ақылынан адасқан» деген үкім шығара салған. Мұндай да болады екен!

Тап осындай салқын қабылдауды Ж.Нұрғазинова кейін психиатриялық диспансерден де көрді. Ондағы медиктер қыздың халін «қалыпты» деп бағалап, сол күйі қараусыз қалдырған. Осылай іші іріп кеткен науқас ақыры түсініксіз жағдайда көз жұмады. Соңынан сараптама оның астан уланып, инфекцияның ағзаға жайылып кетуінен ми бөлігінің ісінгенін анықтады.

Қазір Астана қалалық прокуратурасы аталмыш фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл дерек бойынша қызға дұрыс қарамаған дәрігерлердің үстінен тергеу жүргізіле басталды.

«Сырқат уақтылы тексеріліп, диагностика жүргізілмеген. Сараптама шықпай тұрып, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Алайда, сараптама нәтижесі дәрігерлердің салғырттығын көрсетті. Сондықтан, Астана қалалық прокуратурасы аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады», дейді Астана қаласы прокуратурасының басқарма басшысы Данияр Ертеков.

Айта кетейік, агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова биылғы 2 қазан күні жұқпалы аурулар ауруханасына өз аяғымен барған. Ал бір күннен кейін оның мүрдесі психиатриялық диспансерден шыққан.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.