Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаевтың айтуына қарағанда, балалаларды тартумен айналысып келген «Яссауи» оқыту орталығы мен «Епархиясының Свято-Сергиевск діни қауымдастығы» жанындағы жетімханаға назар аудару актісі шығарылыпты.

«Яссауи» оқыту орталығындағы оқитын кәмелетке толмағандардың барлығы ата-аналарына қайтарылып, орталықтың басшысы Ж. Абласанов лицензиясыз кәсіпкерлікпен шұғылданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, прокурордың талабымен орталық өз жұмысын тоқтатқан көрінеді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған жетімханаға қатысты да осындай шаралар қолданылып, облыстық прокуратураның бастамасымен Бас прокуратура  Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігіне Ресей Федерациясының Бас консулдығымен және Қазақстандағы Православ шіркеуімен бірлесе отырып,жетімхана жетекшісінің Қазақстаннан өз еркімен кетуіне қатысты мәселені қарастырып, шешуді ұсынған. Қазақстандағы Православ шіркеуі басшысының ұйғарымымен жетімхана жетекшісі лауазымынан босатылыпты.

Ұйғыр ауданының  аумағында заңмен тыйым салынған Фархат ата ағымының «Үлкен Аят» рәсімін өткізуге жол бермеу мақсатында қолға алынған шаралар барысында Ресей Федерациясының бес азаматы жауапкершілікке тартылды. Заңсыз миссионерлікке қатысты 2 дерек анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке шақырылып, республика аумағынан тысқары шығарылғаны мәлім болды.

Болат Абаған, Алматы облысы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.