Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Медиацияның мәні мен маңызы күн өткен сайын өзінің өзектілігін дәлелдеуде. Бітім – атадан қалған ұстаным. Айыбы ауыр болмаса, ата жолымен мәмілеге келіп, екі тараптың келісімге келуі маңызды. Тарихқа тереңдемегеннің өзінде, қазіргі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт елдерде де бұл тәсіл тиімді әрі жүйелі қолданылып келеді.

Ж а л п ы , « М е д и а ц и я туралы» заңға қол қойылып және осы заңға байланысты елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің бас ты мақсаты қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Бұл тұрғыда қол жеткізілген табыстар баршылық.

Іс барысында медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы үлкен рөлге ие. Себебі, ол белгілі бір тараптың мүддесін көздемейтін тұлға, керісінше, даудың екі тарап үшін тиімді шешілуін көздейді.

Енді «еліміз үшін осы медиацияның жағымды әсерлері неде?» деген сұраққа келетін болсақ, олар: Медиация – құқықтану, әлеуметтану, психология және конфликтология сияқты салалардың басын біріктіреді. Медиация дауласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін емес, дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызмет етеді.

Медиатордың міндеті дауласушы екі жақтың талаптарын өзара қанағаттандыру болғандықтан, медиациялық іс жүргізудің регламенттік жағдайлары жеке анықталады және оны екі тарап өз қалауына қарай таңдайды. Медиация арқылы іс жүргізу құпиялылық қағидасымен жүргізілетіндіктен, тараптардың жекебасына қатысты жағдайлар толыққанды қорғалады. Бұл процесс іске қатысушы адамдардың уақытын, ақшасын және олардың эмоциялық көңіл-күйін сақтауға көмектеседі. Себебі, сот арқылы дау шешу, біріншіден, құқықтық сауатты арыз жазудан басталады, оған жету үшін көптеген азаматтар ақылы заңгерлер көмегіне жүгінеді. Ал, сот арызды қабылдау үшін талап беруші мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті. Оның көлемі талап етіліп жатқан пәннің көлеміне сәйкес келеді. Соттарда құжаттар айналымы күрделі және қағаздар өте көп.

Жоғарыда аталған жайлардың барлығы медиацияның еліміз бен қарапайым азаматтарымыз үшін жағымды жақтары және ең маңыздылары болып табылады.

М.ДАУРБАЕВ,

Алматы қаласы Алмалы аудандық

прокурорының көмекшісі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.