You are here

Бизнес бастаушыларға қолдау көрсетті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысына Астанадан келген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының өкілдері араласқаннан кейін шалқарлық кәсіпкердің тәркіленген мүлкіне қатысты проблема шешілді.

Қазір жұмыс тобының мүшелері «Кәсіпкерлік саласын дамыту» бағыты бойынша аудандарды аралап жүр. Жергілікті тұрғындар және кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік саясатты түсіндіруде.

Бұған дейін Мұғалжарда болған топ мүшелері өткен демалыс күндері Шалқар ауданына барды. Бірқатар бизнес нысандарында болып, басшыларымен жүздесті. Кәсіпкерлік саласы бойынша мәселелері мен өтініш-тілектерін білді. Кәсіп ашу мен жүргізу, инфрақұрылымға қол жеткізу, бизнесті мемлекеттік және қаржылай қолдау бойынша қандай көмек алуға болатынын жұртқа түсіндірді. Панелдік сессиялар, жастарға арналған тренингтер өткізді.
Жалпы екі ауданда өткізілген іс-шараларға 900-ден астам жергілікті тұрғын мен кәсіпкерлер қатысқан.
— Бізге көмек сұрап жүгінгендердің ішінен 7 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мүмкіндігін алды. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберінде Мұғалжар ауданы бойынша 19 миллион теңгенің екі жобасы мақұлданды.
Ал Шалқар ауданы бойынша үш жобаға қатысты көмек көрсеттік. Үш жобаның жалпы құны — 120 миллион теңге.
Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры бойынша осы екі ауданның негізінде жалпы құны 40 миллион теңге болатын 14 жобаға қатысты жұмыс бастадық. 11 жоба Шалқарда, үш жоба Мұғалжарда қаржыландырылады.
Ал прокуратура органдарының өкілдері араласқан соң, бір кәсіпкердің мүлкі аресттен алынып тасталды, — дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов.

 Жанна ЕРАЛИНА

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45798

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.