Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БАЗАРДА ЖАЛҒАН АҚША ЖҮР Статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айында рес­пуб­ликада Қылмыстық кодекстің 231-бабы бойынша (заңсыз ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) 2 349 қылмыс тір­келіп, оның 338-і сотқа жіберілген екен.

Ал өткен жылдың осы уақытында 1 153 қылмыс тіркеліп, оның 814-і сотқа жіберілген болатын. Осыған қа­рап соңғы жылы ел ішінде фальшмонетшілердің 2-3 есеге көбейгенін кө­руге болады. Бас прокуратура жүргізген талдау барысында мұндай дерек­тердің басым бөлігі Алматы (1 376), Астана (404) қалалары мен Павлодар (101), Қарағанды (89) және Шығыс Қазақстан (102) облыстарында тір­келген.

Бас прокуратура 2-департаментінің қызметкері Дәулет Тілеубаевтың айтуынша, ақша бірліктері жүйесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау саласындағы қылмыстық жағдай күрделі күйінде қалуда және олардың жа­сырын болуы салдарынан ашылу деңгейі төмен болып отыр (қысқа мер­зім ішінде ақша иесі бірнеше рет ауысуы мүмкін). Жалған ақша жасау әдет­те жан-жақты дайындалып, терең құпияда ұсталатын, қылмыскерлер үнемі сақ жүріп, сәл ғана қауіп сезілсе жұмыстарын уақытша тоқтата қоя­тын қылмыс түріне жатады.Мұндай қылмысты ашу көп жағдайда кәсіп­керлер мен банк жүйесі қызметкерлерінің купюраның табылғандығы ту­ра­лы уақтылы хабарлауына, жалған ақша қаражатын өткізген әрбір жер бо­йын­ша құқық қорғау органдарының тез арада әрекет етуіне байланысты.

Прокуратураның сараптамалары нәтижесіне қарағанда, көп жағдай­лар­да сотқа дейінгі тергеулер Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жалған ақша купюрларын жасау деректері бойынша жүргізген, сонымен қатар жалған ақшаның басым бөлігі банк филиалдарында, айырбастау пункттерінде және пошта бөлімшелерінде анық­талған, бұл жалған ақша сапасының жақсарғанын, дүкендерде, базар­ларда және т.б. орындарда қабылдап алған адамның жай қарап шығу арқылы оның жалған екенін ажыратуы мүмкін еместігін көрсетті. Жалған ақша жасау деректерінің көбеюіне заманауи компьютерлік технологияның дамуы мен тұрмысқа дендеп енуі, күрделі баспаханалық ұйымдастыру техникасының қолжетімділігі ықпал ететінін айта кету керек. Мұндай қыл­мыс түрі өте жақсы ұйымдастырылған, техникамен жақсы жарақтан­дырылған және оны жоғары табысты бизнес көзіне айналдырған топ­тар­дың қолымен жасалады. Осындай себептерден қылмыстың бұл түрімен кү­рес шиеленісті сипат алып отыр.

Көбінесе ұлттық валютамыздың 2 мың, 5 мың және 10 мыңдық купю­ралары қолдан жасалады екен. Мысалы, Алматы қаласында бір-біріне же­ліммен жапсырылған, бір беті шын, екінші беті жалған 2 бөліктен тұра­тын 2 мың теңгелік 142 купюра шыққан. Жалған ақшамен ұсталған тұл­ғалардың барлығы дерлік есеп айырысуға жалған ақша беріп тұрғандарын білмейді. Азаматтардың айтуларынша, жалған ақшаны олар базарда, дү­кенде есеп айырысу кезінде немесе қоғамдық орындарда ақша ұсақтағанда алған.

– Белгілі қиындықтарға қарамастан, құқық қорғау органдары жалған ақшаларды өткізушілерді ғана емес, оны дайындаушыларды анықтауда. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізген шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Пе­тро­павловск қаласының аумағында қолдан жасалған 2 мың теңгелік ақша купюрасын өткізумен айналысып жүрген 2 адам ұсталды. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Экономикалық тергеу қыз­меті жүргізген шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақша жасаумен айналысатын цех ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеттері тоқтатылды. Бұл топ 3 ай бойына Алматы қаласы және Алматы облысының аумағында номиналы 2 000 теңге болатын жалған ақша жасаумен, сақ­тау­мен және өткізумен айналысып келген.Сол сияқты Жамбыл облыстық Эко­номикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізген осындай шұ­ғыл-іздестіру шаралары кезінде номиналы мың теңгелік жалған ақша жа­сау­мен айналысатын цех анықталды. Тексеру нәтижесінде жалған ақша жасаушылардың қылмысқа қатысы анықталды, айыптау үкімі шығарылды.Қостанай облысында 1 мың теңгелік жалған ақша жасаумен, сақтаумен және өткізумен айналысып келген 3 адамға қатысты айыптау үкімі шы­ға­рылды, – дейді Бас прокуратура 2-департаментінің қызметкері Дәулет Тілеубаев.

Жалған ақша жасаудың ең көп тараған түрі құйма принтерлердің көмегімен жасау, өйткені осы әдіспен ақша жасау ең қарапайым әрі жеңіл деп есептеледі. Бұл типтегі принтерлер сапасы үнемі жақсартылып оты­рады, сондай-ақ олар бояуларды барынша дәл бере алады. Дегенмен, ку­пю­­раны анықтап қараған адам, оны шын ақшадан ажырата алады. Мы­са­лы, жалған ақшаларда ұсақ мөр, басқа да кішкентай элементтер бол­майды, қағазы жұқа және көбіне суреттері жайылып, бұлыңғыр болып кетеді.

Дәулет Тілеубаевтың айтуынша, жалған ақша жасаушылықтың жолын кесу және ескерту шаралары ретінде, касса және басқа да ақша мен құнды қағаз айналымына қатысы бар қызметкерлерге жалған ақша жасау жол­дары мен оларды қалай анықтауға болатыны туралы нақты мағлұмат бе­-руді дағдыға айналдыру керек. Несие-қаржы мекемелерін полиция орган­да­рымен байланыстыратын дабыл белгі беру қондырғыларын жүйелі тексеруден өткізу маңызды. Қылмыстың бұл түрінің алдын алу шара­ла­ры­ның бірі, банк карталарын пайдалану арқылы есеп айырысу жүйесін кеңі­нен пайдалану болып табылады, өйткені бүгінде көптеген сауда орындары осы төлем түрін жүргізетін терминалдармен жарақтандырылған.Тұрғын­дарды жалған ақша жасаушылардан сақтандыру мақсатында құқық қорғау органдары дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, брошюралар жасап таратып жатыр. Сараптау нәтижесі бойынша Бас прокуратура Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне көрсетілген санаттағы қылмысты ашу бойынша жұмысты жандандыру туралы хат жолдады. Жалпы, құқық қор­ғау органдарының бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.