You are here

БАСЫМ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кеңейтілген жедел кеңесі өтті. Отырыста 2016 жылдың қорытындысы жасалды. 
Талқылау барысында ғы­лыми білім беру қызметінің нәти­желеріне талдау жасалды. Бірқатар түйткілді мәселелер көтерілді, алдағы уақытқа ар­налған басым міндеттер белгі­ленді.

Академия ректоры Ұлан Байжанов атап өткендей, был­тырғы жыл Академияның қалып­тасу жылы болды. Академияның тиімді әрі нәтижелі жұмысқа ба­ғытталған алға қойған міндет­терін тиімді шешу жолының негізі қа­ланды. Институттық реформа­ларды жүзеге асыру аясында құрылымдық өзгерістер өткізілді. Жұмыс тәжірибесіне жобалық менеджмент қағида­лары, жаңа әдіс-тәсілдер мен ал­дыңғы қатар­лы оқыту инно­вациялары енгізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту жүйесі ретке келтірілді.
Ұлт жоспарындағы страте­гиялық мақсаттардың логикалық жалғасы Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы болды. Пре­зидент маңызды басымдықтар­дың бірі ретінде адами капитал­дың сапасын жақсартуды бел­гі­леді. Оны іске асырудың бас­ты шарты ретінде білім беру жү­йесін сапалы өзгертуді атап өтті.
– Басты назарды білім беру мәселесіне аудару Академияның алдына түбегейлі жаңа міндет­терді қойып отыр. Оқыту бағдарламала­рының басты бағ­дары оқу про­цесіне IT-білімді бел­сенді енгізу, сыни ойлау қабі­летін және ақпа­ратты өз бетімен іздестіру, жаңа­шылдықтарды қабылдау дағды­ларын дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл жұмыстың ажырамас бөлігі құқық қорғау органдары қызмет­керінің этикалық бейнесін қалып­тастыру, адамгершілік қасиеттері жоғары үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару. Бізде бұған қажетті әлеует пен ресурстар бар, – деп атап өтті
Ұ.Байжанов.
Отырыстың қорытындысы бойын­ша құрылымдық бөлім­шелерге қойыл­ған міндеттерді тиісінше орындау, ғылыми білім беру қызметінің тиім­ділігін одан әрі арттыру бойынша шұғыл ұйым­дастырушылық-практи­калық ша­раларды қабылдау тап­сырылды.
Мемлекет басшысының тап­сырмаларын, сондай-ақ Бас прокурор қойған міндеттерді сәтті орындау, ең басты мәселеге – қоғамдық қауіп­сіздікті қамта­масыз етуді, заңдылық пен құ­қық­тық тәртіпті нығайтуды көз­дейтін реформаларды іске асы­руға қолдау көрсетуге бағыт­талуы тиіс.
Өз тілшімізден

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.