You are here

БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауынан кейін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, Бас прокурор мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдарының алдына Президент қойған стратегиялық міндеттерді жеткізді.

Алқа жұмысына Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Бас прокуратура орталық аппаратының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының қызметкерлері, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар, бейнеконференциялық байланыс режимінде облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралар қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев барлық жеке құрамға бағдарламалық құжаттың ережелерін мұқият зерделеуді, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды. Сондай-ақ жиналыста прокуратура органдарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды, Президент берген тапсырмаларды есепке ала отырып, заңдылықтың жай-күйінің және прокурорлық қадағалаудың әртүрлі қырлары егжей-тегжейлі талқыланды, шешімін табуы тиіс проблемалық мәселелер көтерілді, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.

– Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында республиканың өзекті мәселелеріне тоқталды. Тапсырманың қомақты үлесі – әлеуметтік-экономикалық сала мәселесі. Бұл жерде прокуратура органдары шетте қалмауы тиіс. Біз үшін тапсырманың негізгі бағыты қауіпсіз және жағдайы жақсы елге айналу болып табылады. Елбасы «Бейбітшілік және тұрақтылық, сот әділдігі және тиімді құқық қорғау – ел дамуының негізі» деп атап көрсетті. Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруды орынбасарларыма жүктеймін, – деді Бас прокурор.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров өз сөзінде құқық қорғау органдарының тиімділігін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, шиеленісті жағдайларды ескерту және экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың ұтымды тетіктерін әзірлеу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудағы прокуратураның үйлестірушілік рөлін атап көрсете отырып, «Қазақстан –2050» стратегиясын жүзеге асыру мағынасындағы қадағалау органдары жұмысының басым бағыттарын белгіледі.

Өткен жылы «Қазақстан – 2050» стратегиясын, сондай-ақ Президенттің 2013 жылғы қаңтарда құқық қорғау органдарымен өткізген жиналыста берген тапсырмаларын жүзеге асыру прокуратура органдары қызметінің негізгі өзегіне айналды. Құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңызды бағыттары бойынша жемісті заңнамалық жұмыс жылдың басты қорытындыларының бірі болды. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерімен жұмыс аяқталды және олар Парламентке енгізілді. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламалары, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы, Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесі дайындалды және оларды Президент бекітті. Сыбайлас жемқорлық және экстремистік көріністеріне қарсы тұру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жиында өткен жылға жалпылама қорытынды жасалды. Прокуратура органдарының араласуымен 450 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуы анықталыпты, 32 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілердің күші жойылып, 735 қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 670 мың азаматтың құқықтары қорғалыпты, олардың арасында 155 мың кәмелетке жасы толмағандар, 14,5 мың мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі адамдар бар. Азаматтардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңға жуық лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Прокурорлардың табанды қызметі арқасында мемлекет кірісіне 41 миллиардтан астам теңге өндіріліпті. Құны 5,5 млрд теңгені құрайтын мүлік, соның ішінде құны 173 млрд теңгені құрайтын 188 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Арнайы прокурорлар 437 күрделі, сілкініс туғызған қылмыстық істерге тергеу жүргізіп, олардың 176-сы сотқа жолданғаны, прокурорлардың наразылығы бойынша 1432 тұлғаға қатысты 1142 сот актілері заңға сәйкес келтірілгені және қылмыстық қудалау органдарының 2,5 мыңнан астам лауазымды тұлғалары есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу және қылмысты жасыру фактілері үшін жауапкершілікке тартылғаны баяндамада айтылды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас прокурор өңірлік прокурорларға қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, ел Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жауапты міндеттер қойды. Экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, сыбайлас жемқорлықпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері басым бағыттар ретінде анықталды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.