You are here

Бас прокуратурада кадр саясаты мәселесіне байланысты жиын өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, 31 наурыз күні Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен ведомствоның кадр саясаты мәселесіне байланысты жиын өткізілді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бейнежелі арқылы өткізілген жиынға Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқарма басшылары мен аймақтық прокуратура өкілдері қатысты.

Бас прокурор А. Дауылбаев атап өткендей, прокуратура органдарында істейтін кадрлардың іскерлік қабілеті  жоғары  болып, адамгершілік қағидатына сына түсірмеуі тиіс. Жиында мәлім болғанындай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі бағдарламалық құжат – «Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы» мен «Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» әзірленген.  Онда барлық құқық қорғау органдарының кадр саясатын кезең-кезеңмен жетілдіру көзделді.

Қазіргі кезде кадрларды іріктеу мен орналастырудың, жас мамандарды үйретудің, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды әлеуметтік қорғаудың, сапалы резервті қалыптастырудың, басшылардың жауапкершіліктерін күшейтудің, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері күн тәртібінде тұр. Ол бойынша құқық қорғау органының абыройына  нұсқан келтірген әрекеттерге шара  қолданылады.

Әмірхан Алмағанбетов.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.