You are here

Бас прокуратура жас мамандарды тәрбиелеуге кірісті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздің Бас прокуратурасы өз саласындағы жас мамандардың кәсіби деңгейлері мен білім-білігін арттыра түсуге айрықша көңіл бөле бастады. Кеше Астанада осы мақсатта тұңғыш рет ашылған арнайы курс іске кірісті.

Осыған арналған жиынды Бас прокурор Асхат Дауылбаев бастап берді. Ол өз сөзінде құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ құқық қорғау органдарының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде қадағалау органдарының алдына қойылған басты міндеттердің бірі тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру және нығайту болып табылатынын сөз етті.

Прокурорлық қадағалаудың тиімділігі, азаматтардың сенім деңгейі қызметкерлердің кәсібилігіне және құзыреттілігіне, олардың іскерлік және моральдық қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болады. Жас прокурорларға арнап сөз сөйлей отырып, А.Дауылбаев оларды әрдайым қойылатын талаптарға жоғары деңгейде сәйкес келуге, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды.

Жиында Президент Әкімшілігінің өкілдері, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді. Мұнда сала ардагерлері Мақсұт Нәрікбаев, Оңалсын Жұмабеков жиналған жас мамандар алдында сөз сөйлеп, прокуратура органдарының жұмыстары төңірегіндегі өз тәжірибелерінен көптеген мысалдар келтірді.

Екі апталық курстар барысында тыңдаушылар алдында Бас прокуратураның департамент басшылары, өңірлік прокурорлар сөз сөйлеп, жас мамандар алдында қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша өздерінің бай тәжірибелері мен жинаған білімдерін жайып салады.

Оқыту бағдарламасында шешендік өнер, көшбасшылық қасиеттер, заңгерлік хаттардың техникасы тәрізді қажетті қосымша дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы сабақтар, сондай-ақ, стресс тұрақтылығы бойынша тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

Серік ПІРНАЗАР

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.