You are here

БАС ПРОКУРАТУРА ШАҒЫМДЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙДЫ?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Басына іс түскенде баршаның барар жері – прокуратура. Әділдіктің ақ туын тік ұстаған мекемеден үкілі үміт күтетіндер елімізде аз еместігі анық.

 Сондықтан да алдағы уақытта тұрғындардың шағымын қарауды жеделдету үшін, нақтырақ айтсақ, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін Халыққа қызмет көрсету орындары арқылы қабылдау жөнінде Бас прокуратураның пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Алайда бұл қалай және қай жерлерде іске асырылады? Сұраққа құзырлы орынның басқарма бастығы Ләззат Жанысова жауап береді.

–Биылғы бес айда прокуратура органдарына 121 606 (113 572) немесе былтырғы жылдың бес айынан 7 пайызға көп өтініш түскен. Бас прокуратураның өзінде 15 234 (14 106) өтініш немесе барлық өтініштердің 12,5 пайызы тіркелген.

Адамдар көбінесе қылмыстық қудалау органдарының актілері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне (41%), әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелер бойынша (29%), сот актілерінің заңсыздығы мен олардың орындалу мәселелері бойынша (24) шағымданған.

Прокуратураға өтінішті жеке тапсыру, хаттар жәшігіне салу, пошта арқылы жіберу, жеке қабылдауға келу арқылы тапсыра аласыздар.

Прокуратура органдары электрондық іс жүргізуге көшкелі өтініш беру және тіркеу процесін жеңілдетуге күш салуда. Осы мақсатта 115 бірыңғай тегін қызмет көрсететін нөмір және www.115.kz. электрондық порталы бар арнайы ақпараттық сервис-орталығы жұмыс істейді.

www.115.kz порталының көмегімен

кез келген электрондық цифрлық қолтаңбасы бар тұлға прокуратураға өтініш бере алады. Өтініш беру тәртібімен ресми сайтта (http://prokuror.gov.kz) толық танысуға болады. Портал өтініш берушіге электрондық талон береді, сол арқылы кейін өтінішті тіркеуден бастап оған жауап берілгенге дейін жолын бақылап отыруға болады. Сонымен, өтініштің қаралу барысын кез келген уақытта, ешқандай қаржы жұмсамай, табан тоздырмай бақылауға болады.

Кейбір өтінішті Бас прокуратураның Call-орталығына еліміздің кез келген нүктесінен тегін 115 нөмірі арқылы да жолдай аласыздар. Call-орталығы алты түрлі шағымды тіркейді. Олар – қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын актілері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне; кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына; азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына; білім беру мекемелерінде жасөспірімдердің арасындағы және оларға қатысты заңсыз әрекеттерге; көрсетілген медициналық қызмет үшін заңсыз ақы талап етілуіне; прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне берілген шағымдар.

Сонымен қатар Call-орталығы прокуратура органдарының жұмысы туралы ұсыныстар қабылдайды және прокуратурамен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіреді. Бірақ көбінесе (80 пайыз) біздің абоненттерге ақпараттық анықтама (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, олардың сенім телефондары және т.б.) және қаралып жатқан өтініштердің дерегі туралы (15 пайыз) ақпарат қажет болған.

Былтырғы жылдан бастап азаматтардың қысқа 115 нөміріне ұялы телефон арқылы хабарласуына мүмкіндік жасалды.

Қазақстанда электрондық үкімет дамып, мемлекеттік қызмет көрсету саласы кеңейген сайын азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жиі баратын болды. Сондықтан өтініш беруге қосымша мүмкіндік жасау мақсатында біз Байланыс және ақпарат агенттігімен бірге 2 маусымнан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау» пилоттық жобасын іске қостық. Әзірше жоба Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске асырылуда. Олар Астана қаласы прокуратурасының органдарына (Астана қаласының прокуратурасы, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары) және Бас прокуратураға жолданған өтініштерді қабылдай бастады. Енді Астана тұрғындары осы орталықтарда өтінішін тапсырып, оларға жауап ала алады. Ол үшін Астананың кез келген орталығына қағаз түріндегі өтініш пен жеке куәлігін әкелуі керек.

Қағаз жүзіндегі өтініш электрондық нұсқаға айналған соң өтініш берушіге қайтарылады, сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштерден басқа, өйткені оларға сот куәландырған сот актілерінің көшірмелері керек, сондай-ақ қағаз түріндегі дана қажет болған жағдайдан басқа.

Бас прокурор мен оның орынбасарлары азаматтарды ай сайын бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдайды. Облыс прокурорлары, олардың орынбасарлары апта сайын, ал аудандық (қалалық) прокурорлар күн сайын қабылдайды. Басқа қаланың азаматтары мен ұйымдардың өкілдері Астанаға келмей-ақ, Бас прокуратураның басшылығымен кездесу үшін видеоконференция арқылы қабылданады. Нәтижесінде, адамдар тек қана қаражатын емес, уақытын да үнемдейді. Аталмыш тәсіл облыстық прокуратураларда да қолданылады.

Прокуратураның әр деңгейдегі басшыларына жазылу негіздері мен тәртібі Бас прокурордың 2012 жылы 18 қыркүйектегі №110 бұйрығымен бекітілген ҚР прокуратура органдары, мекемелері мен ведомстволарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ережелерінде анықталған.

Қорытындылап айтқанда, аталмыш шаралар ең алдымен прокуратура органдарына өтініштерді беру рәсімін барынша жеңілдету және азаматтар мен ұйымдарға қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Сонымен қатар біз прокуратура органдарында құжат айналымын оңтайландыруға және қағаз түріндегі құжат ағымын азайтуға бет бұрып отырмыз.

Адал ШАБЫТ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.