You are here

Бас прокуратура интернет-сайтты іске қосты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасы жариялаған құқық қорғау органдарының кең ауқымды реформасына бұл жүйеде жұмыс жасамайтын қазақстандықтар да қатыса алады.

Осы сала реформасындағы жетекші орындардың бірі Бас прокуратураға берілгені мәлім. Кеше осы құзырлы орган Қазақстан Көшбасшысы ұсынған 5 институттық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша ғаламторда арнайы сайттың ашылғанын хабарлады. 

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың түсіндіруінше, мұндағы мақсат – «халықты құқық қорғау органдарын реформалау үдерісіне тарту» болып табылады.

–Бұл интернет-форум Мемлекет басшысы жариялаған институттық реформаларды жүзеге асыру барысына бей-жай қарамайтын азаматтармен интерактивтік сұхбат жасау үшін арнайы құрылған. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, осы реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» –жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауабымыз және сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары. Демек, жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі өз пікірін білдіру және ұсыныстарын қалдыру – әрбір азаматтың құқы әрі мүмкіндік. Бұл сайт осындай құқықтарды жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр және ол келешекте мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі тиімді алаңға айналады деген үміттемін! – дейді Бас прокурор А.Дауылбаев.

5 халықтық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратура мемлекеттік басқару, сот төрелігі, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету бағыттарында төл ұсыныстарын әзірлеген, оларды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Атап айтқанда, алқабилер институтын жетілдіру, тергеу әрекеттеріне санкция беру жөніндегі прокуратураның функцияларын біртіндеп тергеу судьяларына беру, азаматтық-құқықтық даулардың жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың сотқа қатысуын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

– Қалың жұртшылықтың қатысуынсыз және олардың қолдауынсыз көзделген мақсаттарды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Көп жағдайда түпкі нәтиже реформалардың негізіне қаланған идеяларды халықтың қалай қабылдағанына және қолдағанына тәуелді болады. Сондықтан біздің азаматтардың осы жұмысқа белсенді қатысқандары маңызды, – дейді                          А.Дауылбаев.

Осы себепті кеше Бас прокуратура «Құқық қорғау органдарын реформалау» атты интернет-сайтты іске қосты. www.rpo.kz мекенжайында орналасатын бұл парақшада кез келген азамат құқық қорғау жүйесін реформалау және заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады.

Осы интернет-платформа арқылы құқық қорғау органдары Қазақстанның құқықтық жүйесін сапалы жаңарту мәселелеріне селқос, енжар қарамайтын азаматтардың барлығымен ақылдаспақ ниетте.

Сайтты пайдаланушыларға тиімді болуы үшін форумда үш бөлім қарастырылған. Біріншісі арқылы құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформаларды іске асыру бойынша азаматтардың ұсыныстары жиналады. Екінші бөлімде қазақстандықтар «Ұлт жоспары» тиімді орындалуы үшін қолданыстағы қандай заңға нендей өзгеріс енгізілуі керектігі жөнінде өз ой-идеяларымен бөлісе алады. 

Үшінші бөлімде халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарының реформасын жүргізу бойынша ұсыныстар жинақталып, талқыланады. Яғни, алдыңғы қатарлы елдердегі құқық қорғау қызметтерінің жұмысымен жақсы таныс адамдар осы бөлімде олардан нені үлгі тұтуға, көшіруге болатынын айта алады. 

Сайтты пайдалану тәртібі тиісті нұсқаулықта мұқият көрсетілген, соны басшылыққа ала отырып, тіпті жаңа тақырып, айдар ашуыңызға немесе бұрын түзілген тақырып, айдарларда төл пікіріңізді қалдыруыңызға болады.

Бас прокуратура барлық қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға, құқық қорғау жүйесін жаңғырту туралы пікір білдіруге және шаралар ұсынуға шақырады.

Айхан ШӘРІП

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.