You are here

БАС ПРОКУРАТУРА БАЙЛАМ ЖАСАДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасы қазақстандықтардың Сириядағы соғыс қимылдарына қатысуы туралы бейнероликті таратуға тыйым салды.

«2014 жылғы 22 қарашада Интернет желісінде Сирия аумағында жүрген және террористік ұйымдар жағында соғыс қимылдарына  қатысып жатқан қазақстандық азаматтар көрсетілген бейнеролик («Игі істерде сайысқа түсіңдер») таратыла бастады. Оны зерделеу роликтің мазмұны лаңкестік әрекетке қатысуды насихаттауға және ақтауға бағытталғанын көрсетті», - делінген  Бас  прокуратурасының хабарламасында. 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сай терроризмдi насихаттауға және ақтауға жол берiлмейдi. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес терроризмді насихаттауға тыйым салынған.

Осыған байланысты Бас прокуратура «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабының негізінде 2014 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне аталған роликке кіруді оқшаулау, сондай-ақ оны сот тәртібінде заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында таратуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым енгізді.

«Дейтұрғанымен, жекелеген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары байланыс құралдарын және желілерін пайдалана отырып, қарастырылып жатқан құқыққа қайшы бейнематериалды таратуды жалғастыруда. Осыған байланысты, құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау үшін Бас прокуратура жоғарыда келтірілген заңдардың нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді және жоғарыда аталған роликті немесе оның жекелеген эпизодтарын таратудан бас тартуды ұсынады», - делінген хабарламада. 

Дуанабай Жолдасбек 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.