You are here

Балаларын екпеге әкелмейтін 51 отбасы бар…

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облысымызға келген топ құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, дінтанушылар бар.

Бір апта уақыт ішінде олар Ақтөбе қаласында және Мұғалжар, Алға аудандарында жалпы жұртшылықпен жүздесумен қатар, теріс ағымдар ықпалына түскен жандармен көптеген кездесулер өткізді. Әсіресе, теріс ағымдар ықпалына түскен қандастарымызбен көбірек жұмыс жасау жоспарланып отыр.

Кездесулердің бірі облыстық дін істері басқармасы жанынан құрылған «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ғимаратында өтті. Аталмыш орталықтың ресми сайтында атап көрсетілгендей, кездесуге Ақтөбе қаласындағы «Астана», «Арай», және «Мега Шығыс» сауда үйлерінде жұмыс жасап жүрген жергілікті жамағаттар шақырылған. Теологтар Еркінбек Шоқай, Бауыржан Әбдуәлиев, Дәлелхан Оспанов, сондай-ақ «Аңсар» орталығының мамандары тарапынан оларға бүгінде бүкіл әлемді толғандырып отырған діни қайшылықтардың пайда болуы, таралуы, т.б. өзекті мәселелер төңірегінде деректер айтылып, үлкен әңгіме қозғалды.

Кездесу соңында жамағаттардың көкейтесті сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
Ал Алға ауданында мамандар теріс ағымдар ықпалына түскен 21 адаммен кездесулер өткізді. Әңгімелесу барысында 21 адамның 15-і радикализмнің қауіпті екенін түсінгенін жеткізген.

Сонымен қатар, мамандар діни жолға түстік деп жүрген қыз-келіншектер арасында діни сауат деңгейінің төмен екендігін айтып отыр. Алға қаласындағы мешітте 6 әйел адаммен жүздесу өткізілген. Әңгімелесе келгенде, олардың біздегі мешіттерге бармайтыны, көкейлеріндегі сұрақтарға жауапты өз имамдарымыздан емес, ғаламтордан алатыны белгілі болған.

Алға қаласында балаларын жұқпалы ауруларға қарсы ектіруге үзілді-кесілді наразы болып отырған 51 отбасы бар. Мамандар олармен де кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ішкі істер саласы қызметкерлеріне де теріс ағымдар ықпалына түскен тұрғындармен жұмыс істеуге байланысты кеңестер берілді.

Астанадан келген мамандар Алға аудандық орталық мешітінде жергілікті ақсақалдармен де кездесті. Олармен әңгіме кезінде теріс ағымдардың шығу тарихы, көздейтін мақсаттары және дін саласындағы заңнама талаптары төңірегінде сөз қозғалды.

 А.САРЫБАЙ

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45678

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.