You are here

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кәмелетке толмаған дардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қоюдың маңыздылығын жеткізе отырып А.Дауылбаев балалардың амандығын және қорғалуын қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі ұлттық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, Бас прокурор атап өткендей, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру балалықтың сөзсіз қорғалуы керектігі туралы конституциялық норманы жүзеге асырудың кезекті бір қажетті қадамы. Меморандум аясында тараптар балалардың құқығы мен мүддесін қорғау саласындағы көкейкесті мәселелерді шешуге, проблемалық сұрақтарды анықтауға және оларды шешу жолындағы кешенді шараларды қабылдауға бағытталған күш-жігерді біріктіруге ниетті.

Құжаттың негізгі мақсаты іс-әрекеттің ашықтығы және тиімділігі қағидалары негізінде балалар құқығының кепілдігі мен заңды мүддесін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқығы мен бостандығын қалпына келтіру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттер жасау болып табылады. Жүргізіліп отырған жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі ортақ ұсыныстарды жүзеге асыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың әртүрлі формаларын пайдалануға, ақпаратпен тұрақты алмасуды жолға қоюға келісті.

2015 жылы кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында 2278 тексеріс жүргізілді, 91 614 заңбұзушылық анықталды, 2498 ұсыныс қаралды, 181 наразылық қанағаттандырылды, ықпал ету шаралары бойынша 354 заңсыз актінің күші жойылды және өзгертілді, 1209 заңды түсіндіру жүргізілді, 715 алдын ала ескерту жарияланды. Прокурорлық қадағалау шараларымен 8302 тұлға тәртіптік, 2707 әкімшілік, 323 материалдық жауапкершілікке тартылды, 54 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 269 376 кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Заң газеті № 44, 22 сәуір 2016

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.