Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі өтті. Онда жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, соның ішінде шетелдік азаматтардың асырап алуының тәртібі туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік уәкілеттік органдардың 2012-2013 жылғы қызметіне жүргізілген тексеру қорытындылары талқыланды.

Бас прокурор «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы әрбір баланың құқығын қорғауды, сондай-ақ жетімдерді асырап алуды қолдауды мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттері ретінде белгілегеніне тоқталды.Соңғы 15 жыл көлемінде республикада 50 мыңнан астам бала асырап алынған, олардың 41 мыңнан астамын қазақстандық отбасылар, 9 мыңға жуығын шетелдік азаматтар асырап алған. Соңғы жылдары асырап алу рәсіміне сауданың және қылмыстың араласу үдерісі, кәмелетке жасы толмағандарды сату фактілері байқалып отыр. Өткен жылы бала саудасы фактілері бойынша 25 қылмыс анықталған. Кейінгі екі жыл ішінде заңмен белгіленген тәртіпті айналып өтіп, бала асырап алуға есепте тұрмаған адамдар 457 баланы асырап алған. Әлеуетті асырап алушылар ресми рәсімдерден өтпестен, баланы тікелей асырап алуды жөн көріп, қасақана заң бұзуға барады.

Сонымен қатар, 1858 жетімді орталықтандырылған есептен алып тастаған қамқоршылық және қорғаншылық органдардың лауазымды тұлғаларының кінәларынан балалар асырап алыну және отбасына ие болу мүмкіндігінен айырылған. Ал Қарағанды және Алматы облыс­тарында балаларды наркологиялық есепте тұрған, психикалық аурулары бар және өтелмеген соттылығы бар адамдарға асырап алуға берген шектен шыққан жағдайлар анықталды. Бала асырап алған отбасылардағы, әсіресе, шетелдердегі балалардың өмір сүру жағдайын тиісті есепке алу және оларға бақылау жүргізу қамтамасыз етілмеген. Жергілікті атқарушы органдардың және шетелдердегі мекемелердің тиісті бақылауының болмауынан асырап алушылар 305 мың баланың өмір сүру жағдайы туралы есеп бермеген, шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген 673 қазақстандық баланың тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Осы мақсаттарда ең алдымен асырап алу рәсімін заңнамалық оңайлату, баланы ешбір артық формализм және сөзбұйдасыз отбасыға анықтауға мүмкіндік беретін нақты және түбегейлі өлшемдер тізілімін әзірлеу туралы бастама көтеру ұсынылды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.