Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды.

Бас Прокурор азаматтарды тыңдаған соң шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Ал А.Дауылбаевтың осыған дейінгі қабылдауында болған арызданушылардың дәйектерін анықтау үшін Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдары қаулыларының күшін жойып, сотқа дейінгі тергеу қозғаған еді.

Сонда  мәселен,  В.Айтқожинаның өтінішін қарағанда асыра билік ету дерегі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылды, сөйтіп іс жүргізушілік шешім қабылданып, сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Алматы қаласының прокурорына тергеуге дейінгі тексеріс жүргізу кезінде заңдылықтың бұзылуына жол берген, сондай-ақ тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.

Сол сияқты К.Әміреновтің шағымы бойынша денеге зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы Ақмола облысының Бұланды аудандық ІІБ шешімінің күші жойылды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Арызданушы Ж.Бәйменовтің дәйектерін зерделеу нәтижесімен Алматы гарнизоны бойынша ҰҚК Әскери полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс ІІМ Тергеу комитетінің Әскери-тергеу басқармасына жолданды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.