You are here

Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – басты назарда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өтті. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Цао Цзяньмин, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Индира Джолдубаева, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка, Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Юсуф Рахмон, Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаевтың басшылығымен делегациялар, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев және ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррористік құрылымы атқарушы комитеті директорының орынбасары Ахтамхон Пиров қатысты.

ШЫҰ-ның бақылаушы-мемлекеттері бас прокурорларының қатысуы форумның жұмысын жаңа мазмұнмен толықтырды, олар: Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры Джалал Нур Хабиб, Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюк, Үндістанның Бас прокуроры Мукул Рохатги, Моңғолияның Бас прокуроры Энх-Амгалан Магванноров, Пәкістан Ислам Республикасы Бас прокурорының орынбасары Насер Ахмед Бхутта.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев жиынның ашылуында сөз сөйлеп, ШЫҰ аясындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа бағдарларын анықтады.

Асхат Дауылбаев отырысты ашып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы үшін аймақта тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері әрқашан назарда болғанын атап өтті. ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер прокуратураларының бірлескен күш-жігері арқасында осы ұйымның тиімді жұмыс істеуіне берік негіз қаланды, бұл сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан прокуратура органдарының сұхбаттасу алаңы және ынтымақтастықтың құрылған жүйесі мемлекет басшылары белгілеген жоспарларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндік туғызды.

Форум барысында терроризммен және экстремизммен күрес, есірткі және қарудың заңсыз айналымы, трансшекаралық қылмыстардың басқа да түрлері мен заңсыз көші-қон саласында тәжірибе алмасу мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Қатысушылар терроризм мен экстремизм сияқты қазіргі заманның ең қауіпті құбылыстары бүгінде халықаралық сипат алғанын және олардың әскери, экономикалық қуаты мен діни сеніміне тәуелсіз барлық мемлекеттерді қозғағанын атап өтті.

Өз кезегінде А.Дауылбаев террористік әрекеттерге Қазақстанның негізгі күш-жігері қазір діни радикалдардың қылмыстық пиғылдарының алдын алуға және уақтылы анықтауға бағытталған деп баса айтты.

Қазақстан экстремизм және терроризммен халықаралық күрес аясында үлкен және жүйелі жұмысты жүргізуде. Біздің еліміз БҰҰ-ның терроризммен күрестегі барлық 14 халықаралық әмбебап конвенцияларына қосылды, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің бірігуіне бастамашылардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар құзыретіне ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің шекаралары арқылы есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын заңсыз алып өтуге қарсы әрекет ету бойынша міндеттерді шешу жататын органдардың жұмысын үйлестіру бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер прокуратураларының жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокуратураларының басшылары өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары жөнінде тәжірибе алмасуды жалғастыру, әртүрлі трансұлттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру жөніндегі ұтымды шараларды қолдану бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру жөніндегі отырыс хаттамасына қол қойды.

Сонымен қатар, 2016 жылы ШЫҰ-ға мүше бас прокуратуралардың кезекті отырысын Қытай Халық Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

Нұрлыбек Досыбай. журналист.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.