Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақ КСР-ның заңы деп аталған БАҚ туралы алғашқы қазақстандық заң қабылданды. Содан бері журналистер мерекесі 28 маусымда тойланып келеді.

 Жыл сайын жалпы жұртшылық, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік ведомстволар бұқаралық ақпарат қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап жатады. Биыл да редакция ұжымының қоржынына бірнеше алғысхат жиналды.

«Айқын» газетінің бөлім ре­дак­торы Гүлнәр Тәжиева еліміздің та­нымал мәдениет және әдебиет май­тал­ман­да­рының шы­ғарма­шылығы туралы очерктер топта­масы үшін Қа­зақстан жур­на­листері одағының 2014 жылғы сыйлы­ғының лау­реаты атанды. Бөлім редак­торы Қайыржан Төрежанов Ұлттық ұланның қоғам­дағы имид­­жін кө­терудегі жемісті ынтымақ­тастығы, жас­тарды пат­рио­тизмге тәрбиелеу жұмысына қосқан үлесі үшін Ұлт­тық ұланның бас қол­бас­шысы генерал-лейтенант Р.Жақ­­­сылы­­қов­­тың, Қазақстан шекара­­шы­­ларының қоғамдағы беде­лін нығайтуға, қызметін жан-жақ­ты шынайы көрсеткені үшін ҰҚК Шекара қызметінің дирек­то­ры генерал-лейтенант Н.Жо­ла­­манов­тың, сондай-ақ Бас про­ку­рор А.Дауылбаевтың және Қорға­ныс министрі С.Ахметов­тың Ал­ғыс хаттарына ие болды. «Ай­қынның» тағы бір тілшісі Нұрсұлу Мырзахметова Ұлттық ұланның беделін нығайту және қызметін насихаттаудағы жемісті әріптестігі үшін Ұлттық ұлан Оңтүстік қолбасшы­лы­ғының қолбасшысы генерал-майор Ә.Серғалиевтің Алғыс хатын алды.

Қазақстан Бас прокуроры Асхат Дауылбаев «Жоғары кәсіби шеберліктеріңізді және қоғамның тұрақтылығына қос­қан үлес­те­ріңізді, сондай-ақ заңдылықтың үстемдігі мен құқықтық саясатты насихат­таудағы ерен еңбек­те­ріңіз­ді жоғары бағалай отырып, өзара ынтымақтастық аясында про­курату­раның қызметіне шы­найы қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!» деген жылы лебізбен«Айқын» газеті редак­циясының ұжымын құт­тықтады. 

Редакция ұжымы бүкіл БАҚ қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтап, шығарма­шылық табыс тілейді!

Казыкенова Айнур

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.