You are here

Аудан прокуратурасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күреседі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Мұнайлы ауданы прокуратурасымен аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталуына және бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдалануы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы өрескел заң бұзушылықтар анықталып, №11 жалпы білім беру орта мектебі директорының және бас есепшісінің жауапкершілігін шешу үшін  Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне облыс прокуратурасымен ұсыныс енгізілді. Нәтижесімен жоғарыда аталған №11 жалпы білім беру орта мектебінің директоры К. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Занының 12-бабы 1-бөлімінің 10 тармағымен және бас есепші Н. 12-бабы 1-бөлімінің 5 тармағымен  жауапкершілікке тартылды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.