You are here

Атты екен қандай жанның көзі қиып...

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Жуалы ауданы мекемесі мен Жуалы аудандық прокуратура қызметкерлері жоспарлы тексеру барысында Берікқара шатқалының батыс бөлігінен Н 343 ҒНN мемлекеттік нөмірлі «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік қорабынан оптикалық көздеу құралы бар оқтаулы бесатарды, 12-ші калибрлі қос ауыз аңшы мылтығын оқ-дәрісімен және... қанға бөккен елікті тапты.

Автокөліктегі үш браконьердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғыны Болат Әбдіхалықов тау еркесін заңсыз атқанын толық мойындады. Анықталған факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылып, айғақ-дәлелдер құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Заңсыз аң аулағаны үшін жеке тұлғаларға 7 мен 15-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал егер заң бұзушылық мемлекет қамқорлығына алынған табиғи қорықта орын алса, онда 40 пен 70 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге тиіс. Заңсыз аң аулау үлкен шығынға соқтырса 300-ден 500-ге дейін әкімшілік айыппұл салынады немесе 45 тәулікке әкімшілік қамаққа жабылады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңдылықтарын бұза отырып келтірген залалы өндіріледі. Ал Сайрам ауданынан Жуалы ауданына келіп, ерке елікті атқан Б.Әбдіхалықовқа заңсыз әрекеті үшін 100 АЕК, яғни 173 100 теңге айып салынды.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,

Бауыржан Момышұлы ауылы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.