You are here

Ақылға қонбайтын шешiм шығарды деп есептейдi

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасы Вена сотындағы алқа билердiң Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа шығарған үкiмдерiн ақылға қонымсыз деп есептейдi. Today.kz ақпарат агенттiгiнiң сауалына жауап берген қадағалаушы орган судья А.Бем iштартушылық танытты, алқа билердiң пiкiрiне әсер етуге тырысып, куәгерлердiң сөздерiне түсiнiк берiп отырды дептi.

“ҚР Бас прокуратурасы сотқа төрелiк еткен судья Андреас Бемнiң iштартушылық пиғыл танытты деген пiкiрiнен айныған жоқ. Бұл оның iс-әрекетiне, сондай-ақ процеске қатысушылар мен жоғарғы сот инстанциясының бағасына негiзделген. Атап айтқанда, жәбiрленушiлердiң өкiлдерi шешiм шыққанға дейiн процесс кезiнде бiрнеше мәрте судья А.Бемге наразылық танытып, оны процестен кетiру жөнiнде талап қойды. Жәбiрленушiлердiң бұл талабына Вена қаласының прокуратурасы қосылды. Австрияның сот жүйесi үшiн бұл ерекше жағдай (австриялық сарапшылардың айтуынша, 50-жылдардан берi бұл – небәрi екiншi оқиға). Бiрақ судьяны кетiру жөнiндегi талап қанағаттандырылмады. Өйткенi Австрияның процессуалды заңнамасы бойынша кетiру мәселесiн сотқа төрелiк етiп отырған судьялар сенаты қарайды. Яғни, кетiру жөнiндегi талапты сол судьяның өзi қарайды.

Бас прокуратура судья А.Бемнiң iштартушылығы айыпталушыларға үкiм шығарғанда да анық байқалды деп есептейдi. Австрия заңына сәйкес, адам ұрлау қылмысы үшiн 10 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бiрақ А.Бем В.Кошлякты 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi, оның 16 айы – шартты түрде бас бостандығынан айыру мерзiмi. Кошляк қылмыстық iс өндiрiсi кезiнде 8 ай тұтқында болғандықтан, бұл мерзiм есепке алынып, үкiм оқылып бiткен соң бiрден сот залынан босатылды.

Бас прокуратура судья куәгерлерге психологиялық қысым көрсеттi, олардың сөзiн үзiп жiберiп, алқа билердiң куәлар­ға деген сенiмiне күдiк келтiретiн түсiндiрмелер берiп отырды деп есептейдi.

Тiптi сотталушылар мен олардың қорғаушыларының өтiнiштерi бойынша сотқа шақыртылған куәгерлерге қысым жасалды. Бiрақ олардың берген жауаптары сотталушыларға тағылған айыптарды айғақтады”.

Сот кезiндегi заңбұзушылықтар алқа билердiң ақылға қонбайтын үкiм шығаруы­на әкеп соқтырды. Мәселен, алқа билер В.Кошлякты Ж.Темiрәлиевтi ұрлауға қатысы бар деп танығанымен, А.Хасеновтi ұрлау қылмысы бойынша ақтап шықты. Хасенов пен Темiрәлиевтiң бiрге ұрланғанын ескерсек, шешiмнiң жөнсiздiгi анық байқалады.

Вена прокуратурасының шешiмiмен келiспейтiн ҚР Бас прокуратурасының алдағы iс-әрекетi келесi сот инстанциясының шешiмiне байланысты болмақ. Вена прокуратурасы мен жәбiрленушiлер алдыңғы соттың үкiмiне наразылық танытып, шағым түсiрген. Австрия заңнамасы бойынша шағым келесi инстанцияда қаралғанға дейiн ұзақ уақыт өтедi.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.