You are here

Ақтөбеге келген жұмыс тобының өкілдері бизнес бастаушыларға қолдау көрсетті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысына Астанадан келген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының өкілдері араласқаннан кейін шалқарлық кәсіпкердің тәркіленген мүлкіне қатысты проблема шешілді.
Қазір жұмыс тобының мүшелері «кәсіпкерлік саласын дамыту» бағыты бойынша аудандарды аралап жүр. Жергілікті тұрғындар және кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік саясатты түсіндіруде. Бұған дейін Мұғалжарда болған топ мүшелер өткен демалыс күндері Шалқар ауданына барды. Бірқатар бизнес нысандарында болып, басшыларымен жүздесті. Кәсіпкерлік саласы бойынша мәселелері мен өтініш-тілектерін білді Кәсіп ашу мен жүргізу, инфрақұрылымға қол жеткізу, бизнесті мемлекеттік және қаржылай қолдау бойынша қандай көмек алуға болатынын жұртқа түсіндірді. Панелдік сессиялар, жастарға арналған тренингтер өткізді.
Жалпы екі ауданда өткізілген іс-шараларға 900-ден астам жергілікті тұрғынмен мен кәсіпкерлер қатысқан.
— Бізге көмек сұрап жүгінгендердің ішінен 7 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мүмкіндігін алды. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдармаламысының шеңберінде Мұғалжар ауданы бойынша 19 млн. теңгенің екі жобасы мақұлданды.
Ал Шалқар ауданы бойынша үш жобаға қатысты көмек көрсеттік. Үш жобаның жалпы құны — 120 млн теңге.
Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры бойынша осы екі ауданның негізінде жалпы құны 40 млн. теңге болатын 14 жобаға қатысты жұмыс бастадық. 11 жоба Шалқарда, үш жоба Мұғалжарда қаржыландырылады.
Ал прокуратура органдарының өкілдері араласқан соң, бір кәсіпкердің мүлкі аресттен алынып тасталды, — дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов.

Жанна ЕРАЛИНА

http://aktobenews.kz/2016/10/10/aqtobege-kelgen-zhumys-tobynyn-okilderi-...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.