You are here

Ақтөбеге келген жұмыс тобы 8 күнде не істеді?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурор Жақып Асанов бастап келген 200 адамнан тұратын жұмыс тобының Ақтөбеде жұмыс істеп жатқанына 8 күн болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының бір апталық жұмысын қорытындылаған кеңейтілген отырысқа қатысты. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» хабарлады.

— Азаматтарды жеке қабылдаулар жүргізілді. Мұндай кездесулер өте тиімді, азаматтар зейнетақы, жұмыс, тұрғын үйге қатысты мәселелерін айтып келіп жатыр. Кездесулерді ұйымдастыруға қатысты ешқандай кедергі жоқ, — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.
Андрей Кравченконың айтуынша, 8 күннің ішінде жұмыс тобы бизнес-ортаны қалыптастыруға, азаматтардың әлеуметтік мәселелеріне шешуге, басқа да мәселелер төңірегінде 829 шара өткізген. Бұл шараларға 45 мың ақтөбелік қатысқан, 1400 адамға көмек көрсетіліп, 16 адам жұмысқа орналастырылған.
Аймақ басшысы Б.Сапарбаев аз уақыттың ішінде көп шаруа тындырылғанын айтып, жұмыс тобына алғысын білдірді. Жалпы алғанда «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» шаралары облыстың бес қаласында өткізілді.

http://aktobenews.kz/2016/10/07/aqtobege-kelgen-zhumys-toby-8-kunde-ne-i...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.