You are here

Ақтөбеде жат ағымдар жетегінде кеткендер арнайы семинарларға шақырылып жатыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұл туралы облыстық дін істер басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан хабарлады. Ол өңірде маман тапшылығы мәселесінің әлі де өзекті екенін айтады. Облыстағы сауатты дін қызметкерлеріне деген қажеттілік 2-3 жылда толық жойылады.

— Кадр тапшылығы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сауатты, білімді маман табу қиын. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру үшін 80-нен аса маманымыз білім алып жатыр. 2-3 жыл ішінде жоғары білімді маман табу қиындық туғызбайды деп ойлаймын, — дейді Б.Есмахан.
Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істерп жатқан түсіндіру тобы негізінен жастар аудиториясын қамтып отыр.
— Қазір жеке кездесулерге көп мән беріледі. Биылғы жылдың өзінде мыңнан аса жеке кездесу өткізгенбіз. Нәтижесінде 286 адам дәстүрлі діни ағымға қайта оралды. Жеке кездесіп қана қоймай, жат ағымның жетегінде жүргендердің 20 шақтысын жинап, курс өткіздік. Олардың тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. 20 адамның біреуі ғана сабаққа қатыспай кетіп қалды. Қалған 19 адам 4 күн бойы семинарға келді. Өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Бұл үрдісті үзбей жалғастыра береміз, — дейді облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.
Дін қызметкерлерімен өткен кездесу кезінде облыс әкімі аталған салаға миллиондаған қаржының жұмсалып отырғанын айтты. Темір, Шалқар, Мұғалжар — діни жағдайы қиын аудандар қатарында.
— Өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін комиссия мүшелері тарапынан көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында 17 адам жұмыс істейді. Оның үшеуі Темір, Шалқар, Мұғалжар секілді қиын аудандард. Жылына мекеменің жұмыс істеуі үшін 43 миллион теңгедей қаржы бөлінеді. Медресе, Асқар Сабдин бастаған жұмысшы топ қосымша қаржыландырылады. Олардың негізгі мақсаты — имамдарды оқыту және халықтың арасында насихат жұмысын жүргізу. Әсіресе, теріс ағымда жүрген азаматтармен әңгімелесу мен тиісті оқулықтармен қамтамасыз етуге мән беріліп отыр. Жыл басынан бастап 210 кісіден тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істеді. Олар өткен 9 айдың ішінде 50 мыңға жуық адаммен сөйлесті. Халыққа жақын болу керек, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

http://aktobenews.kz/2016/10/25/aqtobede-zhat-agymdar-zheteginde-ketkend...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.