You are here

Ақтөбеде мешіт имамдары жаппай ауыстырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысында мешіттердегі бас имамдар мен наиб имамдар жаппай жұмыстан шығарылып жатыр. Бүгіннің өзінде облыста екі бірдей аудан мешіттерінің бас имамдары ауысып үлгерді. Орындарына сауаты жоғары, білікті діни қызметкерді Алматыдан алдыртыпты. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының аппарат басшысының айтуынша, облыста әлі 7 имам орнын босатады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші: - Бүгін Ақтөбе облысында екі бірдей аудан мешітінің бас имамы мен наиб имамы ауысты. Оның бірі Темір ауданына қарасты Шұбарқұдық ауылындағы мешіт болса, екіншісі Қандыағаш қаласындағы мешіт. Бұл екі аудан да қазіргі таңда радикалды ағымдар белең алған, діни ахуал ушығып тұрған аймақ саналады. Жергілікті имамдардың орнын Алматыдан келген дін өкілдері алмастырды. Ақтөбедегі діни ахуалға байланысты жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, олар 10 күннен бері облыстағы барлық имамдарды аттестациялаудан өткізіп, діни сауаттылығын тексерген. ҒИЛЫМБЕК МӘЖИЕВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы: - -Бұл ең алдымен сапалы маманның келуі бұл көп жағдайды өзгертеді. Себебі сапалы кадр, білімді маман ол халық үшін, ел үшін, жамағат үшін, жалпы қоғам талабына сай болу үшін ол көп нәрсені өзгертеді. Біздің күтетін үмітіміз өте жоғары. Ғилымбек Мәжиевтің өзі де Ақтөбеге Шұбаршы мен Кеңқияқтағы оқиғалардан соң келген. Сондықтан, Ақтөбедегі имамдардың жиі ауысып отыратынын тұрғындар да жақсы біледі. Олар да  қазіргі имамдардың білім сапалары төмен деген пікірді құптайды. НҰРҒАЛИ НҰРАЛЫ, тұрғын: - Қазіргі имамдардың білімі нашарлау. Болмаса неге ол үш айда бір алмасады? Төрт айда бір алмасады. Кешегі Жамбылдан келген Нұрғасыр мешітінің имамы осымен екінші рет алмасып отыр. Ақтөбе облысы жалпы еліміз бойынша радиакалды ағымдар кең тараған аймақтардың бірі. Оған дәлел, Ақтөбеде діни экстремистік жағдайлардың жиі болуы. Соңғы 5 жылдағы аймақта болған терактарды естеріңізге салсақ: 2011 жылы 25 жастағы азамат Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің  ғимаратында өзін жарып жіберген болатын. Одан кейін 2012 жылы Шұбарши ауылында  радиакалды ағымдағылар полицейлерден кек алу үшін  шабуыл жасады.  Арада 4 жыл өтіп, 2016 жылдың 5 маусымында теракт Ақтөбеде тағы қайталанды.  Діни ахуалы жақсармай тұрған Ақтөбе облысын енді арнайы келген жұмыс тобы әбден зерттемек. «Қамшы» сілтейді
 

http://qamshy.kz/home/show/11001

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.