You are here

Ақтөбеде 25 қазанда жұмыссыздар жәрмеңкесі өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбеде қазанның 25-і күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. 40-қа жуық кәсіпорын жұмыс орындарын ұсынбақшы. Ол Сәңкібай батыр даңғылындағы Достық үйінде ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Нұрия Әбіләкімова мәлімдеді.
Осымен 9-шы рет өткізілгелі тұрған жәрмеңке барысында кәсіпорындар мен мекемелер 400-ге жуық бос орындар ұсынады. Бұл жәрмеңке аясында өңірге келген республикалық жұмыс тобымен кездесу де жоспарланған. Оған қаладағы 50 шақты ірі өндіріс орындарының басшылары шақырылған.
— Қазір жұмыссыздық бойынша тіркеуде 1024 мың адам тұр. Жыл басынан бері ұйымдастырылған жәрмеңкелер аясында 385 адам тұрақты жұмыс тапты, 82- адам қаладағы 3 колледж негізінде қайта даярплау курстарынан өтті. Жалпы қайта даярлау курстарына бюджеттен 8 миллион қаражат бөлінді, — дейді Н.Әбіләкімова.
Бұдан кейінгі көлемді жәрмеңке желтоқсан айында өткізіледі. Осы күнге дейінгі жәрмеңкелерге 2 мыңнан аса адам қатысқан.

Жанна ЕРАЛИНА.

http://aktobenews.kz/2016/10/24/aqtobede-25-qazanda-zhumyssyzdar-zharmen...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.