You are here

Ақтөбе түрмесінде отырған 77 уахабшы діни көшбасшыларының кім екенін айтты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбеде 5 жылда қайталанып тіркелген теракт оқиғасының кейіпкерлері ашық байланысқа шықты. Облысқа легімен келген дінтанушылар адасқан топ өкілдерімен бетпе-бет әңгімеге келген.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олар мемлекетке деген көзқарастарын, елдегі көшбасшыларын, қазіргі ойларын, жат ағымды таңдауларының себебін өз ауыздарымен тәптіштеп айтып берген. Абақтыда отырғандармен бірнеше рет жеке кездесу өткізген дінтанушы Балғабек Мырзаев уахабшылардың бет пердесін ашып айтты.

«Басты мақсатымыз - ол жердегі азаматтарды оңалту, оларды ортаға қайта бейімдеу. Сонымен қатар, олардың жат ағым қатарына кету себебін өз ауыздарынан есту. Қандай себеп болды? Кім ықпал етті? Жұмыс осы бағытта жүріп жатыр. Олардың көпшілігінің белгілі бір ұстанымдары болған. Сөйлесе келіп, кейбір мәселелер бойынша олардың өкініштерін де байқап қалдық», - дейді дінтанушы Балғабек Мырзаев.

Адасқандардың әр сөзінің растығы арнайы тест арқылы тексеріліп жатыр

«Ақтөбегі облыстық қылмыстық атқару мекемесінде 77 адамның отырғанын білеміз. Оларды үш топқа бөлдік: экстремизмдік радикалды бағытты ұстанатын топ, кезінде радикалды бағытта болып, тиісті жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде діни көзқарасы біркелкі, яғни байсалды көзқарасқа өткен азаматтар және жүргізілген жұмыстар нәтижесінде радикалды көзқарастан байсалды көзқарасқа өтіп, одан кейін дәстүрлі мазһабқа өткен азаматтар. Нәтиже жақсы. 77 азаматтың 95 пайызы істеген әрекеттеріне өкініш білдірді. Әрине, біз олардың қаншалықты шындықты айтып жатқанын арнайы тест арқылы бақылап отырмыз. Ондай адамдармен тек дінтанушылар ғана емес, психологтар да жұмыс істеп жатыр», - дейді дінтанушы.

Ол екі абақтыдағы кездесулердің барлығы сәтті өткенін айтып берді.

«Қазіргі кезде Ақтөбедегі 168 /2 қауіпсіздігі орташа мекемесі және Жем қаласында орналасқан КА 168/5 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде кездесулер өтті. Ішінде бүгінгі күнге дейін дәстүрлі дінге өткендері болды. Олардың дені басқа қылмыстар жасап, жазалау орнына түскен. Жем қаласында 40 азамат бар екен. Олармен де кездестік, бейімдеу механизмдерін қолданып жатырмыз. Ислам дінімен алғашқы танысуларынан бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жеріне дейін айтып, ашық сөйлестіс», - дейді Балғабек Мырзаев.

Экстремистік ұйым мүшесі ел алдында кешірім сұрауға әзір

Дінтанушы әңгімесінде абақтыдағы жанайқай да айтылды. Кешегі лаңкестер бүгінгі күні біреудің өміріне қиянат жасағанына өкініп отыр.

«Ақтөбе қаласындағы 168/2 мекемесінде Қаламбақи деген азамат отыр. Ол радикалдық көзқарастағы азамат. Бұрын «Таблиғи жамағат» халықаралық діни экстремистік ұйымның мүшесі болған. Осы азаматпен біз екі мәрте кездестік. Ол біздің көз алдымызда «Қаласыңыздар сіздер ақпарат құралдарын шақырыңыздар. Мен өзімнің ұстанымымның өзгергенін, дәстүрлі мазһабтың дұрыстығын ашық айтуға дайынмын» деп уәдесін берді. Біз осы арқылы үш күндік жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Бұдан басқалар да болды. «Біреудің мал-мүлкін жазықсыз тартып алғанымызға өкінеміз, біреулердің өміріне қиянат жасадық» деп кешірім сұрап отыр. «Түрмеден шыққанда өмірімізді қайта бастаймыз» деп өкініш білдіріп жатыр», - дейді дінтанушы.

Уахабшылар «еркіндікте жүрген бауырларымды райынан қайтаршы» деп жалынған

Елді дүрліктіріп, еркіндігінен айрылғандардың ұсынысы қандай? Көпшілігі көмек сұрап жалынып жатыр.

«Барлығы да бізбен байланысқа шықты. Өздерінің не үшін кетіп қалуларының шет жағасын айтып жатыр. Көбісі белгілі бір топтың ішінде жүріп кеткен. Оның барлығын құқық қорғау орындары зерттейді. «Мақсатымыз исламды үйрену, соған адамдарды тарту болған еді. Бірақ, өкінішке орай көп қызбалыққа салыныппыз» деген ойларын айтты. Кейбір ұсыныстар да болды. «Жазасын өтеу орындарынан ертерек шығу үшін не істейміз, бізге қалай көмектесе аласыздар» деп сұрап жатыр. Сонымен қатар, еркіндікте жүрген өздерінің таныстары, бауырларының аты-жөндерін айтып, солармен де жұмыс жүргізсеңіздер, оларға да түсіндірсеңіздер» деген ұсыныстары болды. Радикалдық діни ағымның бағытынан оқшауланғысы келетіндерін айтып жатыр», - дейді ол.

Адасқандар арасында көшбасшыларына иланғандар көп

Дінтанушылар абақтыға барып, айналасына қарағандарға моральдық қолдау білдіруге тырысқан.

«Үйлеріндегі бала-шағасына қандай көмек, қандай қолдау керек?» деп сұрағанда қатты таңданды. «Біздің жасаған әрекетімізге қарамастан, біздің отбасымыз бен бала-шағамызға мемлекет жәрдем бере ме?» деген таңданыстарын біз көрдік, естідік. Экстремизм бабымен сотталғандардың 30 пайызының тұрмыстық жағдайы төмен болғанымен, көпшілігінің әлеуметтік жағдайы орташа. Ата-анасымен бірге тұрған, өздері, әйелдері жұмыс істеген. Сөйлесе келе, қатты қиындық көрген адамдар емес екенін байқадық. Тек көпшілігі басында діни ілімді дұрыс жерден алмаған. Соның ықпалымен кетіп қалған. Оны өздері де айтып жатыр»,-дейді дінтанушы.

Абақтыда отырғандар Қазақстандағы көшбасшылары туралы ақпаратты жайып салып жатыр

20 адамдық топ құрғандар мемлекетке кіріс әкелмеудің жолын қарастырып отырған. Мемлекетке кіріс әкелмейміз деп мақсат қойғандар үшін телефон саудасы кіріс әкелмеудің таптырмас жолы болған.

"Олар бізге өздерінің көшбасшылары туралы да айтып берді. Орал қаласында, Ақтөбе қаласында кімдердің көшбасшы болғанын ашып айтты. Негізінен, сол азаматтардың ықпалдары болған. Олар 20 адамдық топпен жүрген. Ұялы телефон сату арқылы өз орталарын құрған. Өзара байланыс орнатып, қоғамнан оқшаулануға тырысқан. Олар мүмкіндігінше мемлекетке салық төлемеудің жолдарын қарастырған. Өйткені, олардың пікірінше Қазақстанды кәпір мемлекеттердің қатарында. Кәпір мемлекетке салық төлеуге болмайды деген ойлары әрекеттерінен байқалып тұрды", - дейді Балғабек Мырзаев.

https://www.nur.kz/kk/1281098-aqtobe-turmesinde-otyrghan-77-uakhabshy-ad...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.