You are here

А.Әбдірасылқызы: Қазақстандық қоғамның ішкі әлеуеті – радикалды ағымға қарсы күрестегі күшті компонен

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан халқы бұрыннан бері өзінің төзімділігімен белгілі, оның болмысында шекті діни көзқарастарға бейімділік жоқ. Қазақстандық қоғамның ішкі әлеуеті радикалды ағымдарға қарсы күресте күш пен сенім болып табылады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ директоры, Ұлттық комиссия жанындағы Сараптамалық кеңес мүшесі Айнұр Әбдірасылқызы айтты.
АСТАНА ҚАЛАСЫ11 Қазан , 10:51

Еске сала кетейік, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы діни жағдайларды зерттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін зерттей отыра, әдістемелік құралдар мен ақпараттық-анықтама материалдарын әзірлеумен айналысады. Осылай, діни жағдайларды зерттеу дайындалған әдістеменің негізінде бір орталықтан жүргізіледі. Осыған байланысты, елдегі діни жағдайды зерттеудің екі негізгі тәсілі қалыптасты. Біріншісі – ағымдағы ақпараттық-талдау зерттеулері, екіншісі - практикалық (өңірлік) зерттеулер. Қыркүйек айының соңында Ақтөбеде «Ақтөбе облысындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» жобасы шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінен тұратын мамандардың үлкен тобы жұмысқа кіріскені белгілі. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жұмыстың маңызды бағыттарына басшылық ету бойынша едәуір жауапкершілік үлесі жүктелген. Осы бағыттағы жұмыс туралы бізді А. Әбдірасылқызы толығырақ ақпараттандырды.

- Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы қандай функцияларды атқаратынын айтып берсеңіз?

- Біздің Орталығымызда діни жағдайды мониторингілеумен қатар дін саласындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ дін әдебиетіне, ақпараттық материалдарға және діни мақсаттағы бұйымдарға дінтану сараптамасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар, діни бірлестіктердің қызметі, діни білім беру және дінтану сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми және талдау жұмыстары, ақпараттық-анықтама және әдістемелік материалдар әзірленеді. Орталықтың міндеттеріне, сондай-ақ, республикалық деңгейде құрылған және еліміздің әрбір өңірінде өз қызметін жүзеге асыратын дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарын әдістемелік қамтамасыз ету және олардың жұмысына тікелей қатысу жатады.

- Орталық қызметінің қандай бағыты қазіргі жағдайларда аса өзекті?

- Орталық қызметінің өзекті бағыттарының бірі әйелдер мен жастар қауымы арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып табылады. Әйелдер қауымы арасындағы рухани саладағы жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу қазақстандық әйелдер қауымының оқыған сана-сезімін қалыптастыруға, қазақстандық қоғамның дәстүрлі қағидалары мен құнды бағдарларын нығайтуға, әйелдерді және олар арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты деструктивті және радикалды идеологиядан қорғауға бағытталған.

- Осы бағытта қандай нақты жұмыстар жүргізілді?

- 2013-2015 жылдары Дін істері комитеті ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, республиканың 10 өңірінде «Дін және әйел» республикалық форумын ұйымдастырып, өткізді. Қазақ қыздарының қазіргі қоғамның жоғары адамгершілік құндылықтарын меңгеруі және ұлттық дәстүрлер мен дүниетаным негізінде болашақ аналарды дайындау мақсатында, форум шеңберінде еліміздің озық жоғарғы оқу орындарының негізінде «Қыз Жібек» клубтары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта клуб мүшелері өзара іс-қимыл жасай отырып, ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізуде. «Қыз Жібек» ақпараттық ресурсы құрылды, клубтың ай сайынғы газеті, сондай-ақ «Қызым, саған айтам» ғибратты сөздер мен мақалалар жинақтар сериясы шығарылады.

- Осы іс-шара барысында қандай мәселелер қозғалды?

- Іс-шаралар барысында өсіп келе жатқан ұрпақты отбасындағы және қоғамдағы рухани және патриоттық тәрбиелеу мәселелері, әйел-аналардың отбасындағы, мемлекеттегі және қоғамның рухани жаңаруындағы рөлі, әйелдердің әлемдік дін тұрғысында алатын орны рөлі жан-жақты талқыланды. Діни жағдайлар, радикалды және экстремистік идеологияның алдын алу, рухани-діни құндылықтардың қазіргі өзгерістері, дәстүрлі және қазіргі діни таным ерекшеліктері мәселелері де әр түрлі форматтағы іс-шаралардың өзекті тақырыптары болып табылады. Әйелдер және жастар қауымы іс-шараларына әйелдер және отбасы мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, зиялылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады. Сондай-ақ, Орталық қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырған көптеген іс-шараларға да белсенді түрде қатысады.

- Қыркүйектің соңында Ақтөбе облысында «Ақтөбе облысындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» жобасы шеңберінде үлкен жұмыс басталған болатын. Осы мәселе бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қандай функциялар жүктелді?

- Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ақпараттық-түсіндіру жұмысын және діни басылық мәселелерін көздейтін бірінші және төртінші бағыттар бекітілген. Бірінші бағыт бойынша жұмыстар қызметтің нақты учаскелері үшін жауапты 5 кіші топқа бөлінген. 1-ші кіші топ – жалпы профилактика тобы. 2-ші топ әйелдер қауымымен, соның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың туыстарымен жұмыс істейді. 3-ші топ дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істейді. 4-ші топ – облыстың түзету жүйесінде. 5-ші топ облыс мешіттерінде еркін дінге сенушілермен жұмыс істейді.

- Әйелдер джамааттарымен жұмыс істеген кезде қандай мақсат қоясыз?

- Маған 2-ші топ бекітілген. Бұл топтың негізгі міндеттері радикалды идеология ықпалына ұшыраған әйелдерді радикалсыздандыру, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, экстремистік идеология ықпалына ұшыраған әйелдердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жолдарын қарастыру, жергілікті атқарушы органдардың және басқа мүдделі құрылымдардың өкілдерін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге, әйелдер қауымын елдегі діни жағдай туралы ақпараттандыру және дін саласындағы басқа да өзекті мәселелер болып табылады.

- Жүргізілген іс-шаралардың саны туралы қандай да бір деректер бар ма? 

Бар, Ақтөбе облысында бір апталық жұмыс қорытындылары бойынша 701 адамды қамтитын 21 іс-шара жүргізілді. 119 әйелмен мекенжайлық жұмыс жүргізілді.

- Қазақстандағы діни жағдай проблемалары туралы не ойлайсыз?

- Қазақстандағы қазіргі діни жағдайды талдау барлық қоғамның,соның ішінде әйелдер қауымының дін басылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Рухани ізденістің табиғи факторы болып табылатын діни сана-сезім өзінің қалыптасуы барысында әр түрлі оң және теріс салдарға әкеледі, теріс салдарына жеке тұлғаның бұзылуы, ішкі тұрақтылық пен мемлекеттің біртұтастығының бұзылуы жатады.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстанда «экстремизмнің феминизациясы» деген құбылыс бар ма?

- Бар, қазіргі әлемдегі діни жағдай «экстремизмнің феминизациясы» феноменін қалыптастыру үшін негіз қалайды. Жаһандық деңгейде осы феномен кейбір көріністерден: радикалды топ мүшелері арасында әйелдер санының өсуінен, интернет-кеңістікте, атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі ақпараттық-насихаттау жұмыстарына әйелдердің белсенді қатысуынан, әйелдердің әскери күш ретінде пайдаланылуынан, жаңа буын әйелдерін радикалды таныммен тәрбиелеуден байқалады. Мектеп оқушыларының хиджаб тағуы, балалардың кейбір мектеп пәндеріне қатыспауы, вакцинациядан бас тарту ата-аналарының балаларына әсер етуінің тікелей көрсеткіштері болып табылады.

- Әйелдердің дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылуының себебі неде?

- Әйел затына тән эмоциялылық, аяушылық, әсерлілік, мінсізәлемге ұмтылу сияқты ерекшеліктер олардың үнемі өзгеру және тұрақты іздену күйіндегі қазіргі көзқарастары мен құндылықтары жүйесінің алғышарттары болып табылады. Осыған орай, әйелдердің көп бөлігі үшін дін әмбебап құндылықтар жүйесі және жеке тұлғаның өмірі мен рухани әлемін реттейтін институт ретінде маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі емес ағымдарды ұстанушылардың әлеуметтік желілердегі белсенді насихаттау жұмыстары, жастарда діни білімінің жеткіліксіз болуы, қоғамдағы тұрақсыз әлеуметтік мәртебесі, психологиялық тәуелділікке бейімділік әйелдер мен қыздардың дәстүрлі емес ағымдарға тартылуының негізгі себебі болып табылады. Сондықтан, әйелдер қауымымен жұмыс істеген кезде экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына, дәстүрлі емес идеологияның теріс мәні туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ азаматтарда дәстүрлі емес ағымдардың идеяларына қарсы иммунитет қалыптастыруға баса назар аудару қажет. Бұл ретте жалпы алдын алу іс-шараларынан бастап жеке әңгімелесуге дейін әр түрлі форматтағы жұмыстар қолданылуы тиіс.  

- Дін – бұл діншілдік жүйесі ғана емес, сенушілер үшін ол өмір сүру стилі, қарым-қатынас, жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті түсінуге ықпал ететін мораль нормалары болып табылады. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда діни және дәстүрлі құндылықтар бір-бірімен қалай байланысты?

- Дүниелік қағидаттардың толық түсіндірілуі дінді рухани мәдениет феномені ретінде тануға міндеттейді. Дін мәселелерін діннің өзін ұғынған кезде ғана шешуге болады. Дінді қоғамдық сана негіздерінің бірі, адам өмірінің мағынасы, рухани мәдениет феномені ретінде таныған кезде оған қатысты таптаурындар мен әдістер де өздігінен өзгереді, олар қоғаммен біртұтас болады, рухтандырушылық әдістемесіне айналады. Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде діннің рухани қағидаттары жатқанын ұмытпау қажет.  

Қазіргі қоғамда дәстүрлі құндылықтарды ішкі саяси процестерді тұрақтандырушы және әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарды реттеуші ретінде қайта жаңғырту аса маңызды. Өзінің дәстүрлі құндылықтарын, рухани түп-тамырын әлі жоғалтпаған қазақ қоғамының ішкі әлеуеті радикалды ағымдарға қарсы күресте біздің күшіміз бен сеніміміз болып табылады.

- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

Индира Қауметова


Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «www.strategy2050.kz».

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.