Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау органдары анықтағандай, ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап әртүрлі электрондық пошталардан (www.prokuror.gov.kz@mail.ru, service@prokuror.kz және т.б.) Бас прокуратураның атынан келесі мазмұндағы жалған хаттар жолданып отырған: «Сізге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 18.03.2015ж. №530491 алаяқтық бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері туралы ақпараттың көшірмесін жолдаймыз. Қосымша: 4-парақта». Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мұндай хатты дайындамағанын және таратпағанын хабарлаймыз. Ақпарат таратылған электрондық пошталар прокуратура органдарына тиесілі емес. Мұндай хаттарды алған жағдайда оларды ашпауға кеңес береміз, өйткені, оларды алаяқтар қылмыстық мақсаттарда пайдаланып отыр. Сондай-ақ, файлдарда компьютер иесінің мәліметтер базасын басқаруға мүмкіндік беретін зиянды бағдарламалар болуы мүмкін. Сондықтан, Бас прокуратура азаматтарға мұқият болуды және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Осындай хаттар келген жағдайда Бас прокуратураның сенім телефонына қоңырау соғу қажет – 8 (7172) 71-26-20.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.