You are here

АБАҚТЫДАҒЫ АЗАПТЫ ӨЛІМ АЗАЯР ЕМЕС

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ

Соңғы 10 жылда еліміздегі сотталушылардың қатары үш есе кемігеніне қарамай, аурудан абақтыда ажал құшқандардың қатары бір жарым есеге көбейіп кеткен. Темір торда жазасын өтеушілерді емдеу үшін қазынадан жыл сайын жарты миллиард теңгедей қаржы жаратылуда.

Сонымен бірге, түрмені ұстап тұрудың өзге де қажеттіліктері үшін бөлінген қаражат та, сотталушыларға жасалатын жағдай да жақсарғанымен, аталған келеңсіздіктің кемімей отырғаны қалай?

Кеше елордада Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен өткен алқа мәжілісінде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және оның аймақтық құрылымдарының қамауға алынғандарды медициналық қамсыздандыру бойынша жұмыстарының заңдылығының жай-күйі арнайы қаралды. Жиында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің медициналық қызметін тексеру нәтижелері талқыланды.

Бас прокурор атап өткендей, қамауға алынғандардың ұстау жағдайларын жақсарту, оларды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан дәйекті шаралар қолданылуда. Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесін қаржыландыру елеулі түрде артты, сотталғандарды ұстау шығындары өсіп, оларды тамақтандыру нормалары жақсартылған. Пенитенциарлық жүйенің медициналық қажеттілігіне жыл сайын жарты миллиардтан астам бюджеттік қаражат бөлінеді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мекемелердің материалдық-техникалық базалары күшейтілді.

Алайда қабылданған шаралар пенитенциарлық денсаулық сақтаудың сапасының өзгеруіне ықпал ете қойған жоқ. Тексерулер барысында ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсетудегі жүйелі кемшіліктер мен жол берілген қателіктер анықталған. Әлі де болса уақтылы диагностиканың жасалынбауы және қамаудағыларға сәйкесті емдеудің жүргізілмеуі, білікті медициналық мамандардың жетіспеушілігі, қымбат бағалы құрал-саймандардың тұрып қалуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалмауы, сотталушыларды медициналық мекемелерге ауыстыру мәселелерінің созбалаңға салынуы, инфекциялық аурулардың тарауына ықпал етуі мүмкін санитарлық нормалардың бұзылуы негізгі проблемалар болып қалуда. Осылардың нәтижесінде, соңғы 10 жылда «түрме тұрғындарының» үштен біріне азаюына қарамай, қамаудағылардың өлімі біржарым есеге көбейген. Ауыр науқастанған қамаудағылардың көбі, оларға ешқандай көмек көрсету мүмкін болмаған кезде де ауруханалар төсектерінен табылуда.

Асхат Дауылбаев бұл заңбұзушылықтардың орын алуының басты себебі, ведомстволық бақылаудың мүлдем болмауы, медициналық қызметтердің және түзеу мекемелері әкімшіліктерінің міндеттеріне селқос қараулары деп атап өтті. Бірқатар мекемелердің басшылары мен медициналық қызметкерлеріне қатысты әрекетсіздік фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалып, 221 қызметкер –  тәртіптік, 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Орын алған жағдайларды ескеріп, Бас прокурор уәкілетті органдар басшыларына сотталғандарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға және қамаудағылар арасындағы өлімді азайтуға, ҚАЖ мекемелері және медициналық қызмет басшыларының дербес жауаптылықтарын арттыруға бағытталған бірқатар жедел тапсырмалар берді. Ішкі істер министрлігіне қатты науқастанған қамаудағылардың жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатылуына медициналық комиссиялардың негізсіз бас тартулары фактілерін мұқият зерделеп, оларға қатысты жазаны өтеудің анағұрлым жеңіл түрлеріне ауыстыру тәжірибесін кеңінен қолдануды тапсырды. Қамаудағылардың арасындағы науқастану ахуалын объективті айқындау үшін көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен көлемін арттыру, дәйекті емшаралар мен аурулардың профилактикасын жүргізу мақсатында ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктерінің арасындағы ведомствоаралық әрекеттестікті кеңейту қажеттігі ұсынылды.

Жергілікті прокурорларға қылмыстық-атқару мекемелеріндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру заңдылықтарының қолданылуына, қамаудағылардың денсаулықтарын және кепілді медициналық көмек көлемін қорғаудағы конституциялық құқықтарының сақталуына, сондай-ақ  қамаудағылардың өлім фактілері бойынша тергеудің толық және сапалы жүргізілуіне қадағалауды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ алқа мәжілісінің қорытындысы ретінде осы саладағы кейбір заң шарттарын өзгерту үшін Үкіметке ұсыныс берілетін болды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.