You are here

10 000 Осыншама жер телімі пайдаланылмаған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жер ресурстары еліміздің маңызды стратегиялық нысандарының бірі болып табылады. Ал жер қатынастары саласындағы заң бұзушылық еліміздің барлық аймағында орын алып жатыр. Заңның бұзылуының көптігіне төмендегі себептерді атауға болады: біріншіден, жер ресурстарына деген сұраныстың артуы, елдімекендердегі бос жердің тапшы болуы (республика бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 1 млн.-нан астам азамат жер кезегінде тұр). Екіншіден, Қазақстан Республикасындағы жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік деңгейінің жасалған бұзушылық сипатына сәйкес болмауы. Көбіне уәкілетті органдар заң бұзушылықты жоюда түбегейлі шараларды қолданбайды, тек әкімшілік айыппұл салумен шектеледі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылдың өткен мерзімінде прокурорлар жүргізген 391 тексерудің нәтижесінде 1567 азаматтың құқығы қорғалып, мемлекеттік және уәкілетті органдар 7 208 заң бұзушылықты жойып, мемлекетке келтірілген 1,1 млрд. теңге шығын өндірілді.  2012-2014 жылдары жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде республика бойынша 10 мыңдай пайдаланылмаған, жалпы көлемі 1 млн. га болатын, кадастрлық құны 976,9 млрд. теңге жер учаскесі анықталды. Қолданылған шаралар нәтижесінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 420 млрд. теңге болатын 461,5 мың га. көлеміндегі 2 178 жер телімі қайтарылды.

Мысалы, Астана қаласында ауылшаруашылық мақсатта пайдалануға және коммерциялық құрылыс нысанына арналған кадастрлық құны 912 млрд. теңге тұратын, жалпы көлемі 15,3 мың га. 850 пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Сөйтіп, тез арада мемлекетке кадастрлық құны 411 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 5,1 мың га. 157 пайдаланылмаған жер телімі қайтарылды. Осылайша, Астана қалалық прокуратурасының қала сыртындағы аумақта орналасқан «Astana Green Resourse» АҚ (бұрынғы «Маман Специалист» АҚ) жалпы көлемі 1,5 мың га. 25 жер учаскесін алу туралы талап-арызын сот қанағаттандырды.

Жер кодексінің 92, 93 және 94-баптарында меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға жер телімін мақсатты пайдалану қажеттігі туралы жазбаша хабарламадан кейін ғана жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз беру қарастырылған.

Жер телімін алып қою басты мақсат болмағандықтан, жазбаша хабарлама меншік иесіне жерін мақсатты пайдалануына түрткі болады. Мысалы, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елордада кадастрлық құны 132,2 млрд. теңге тұратын жалпы көлемі 2,1 мың га. 68 пайдаланылмаған жер телімдері де игеріле бастады. Астананың сол жағалауындағы жер телімдері де игеріле бастады, 2013 жылдың 18 маусымында «The Ritz Carlton» желісінің 26 қабатты қонақ үйі мен 30 қабатты бизнес-орталықтан тұратын «Talan Towers» көп функционалды екі мұнарадан тұратын кешенінің іргетасы қаланды. Осы тектес жұмыстар Астана қаласынан 30 шақырым тыс аумақта да жүргізілуде.

Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының аумақтарын зерделеу барысында кадастрлық құны 4,4 млрд. теңге, ал жалпы көлемі 20,3 мың га. 1356 пайдаланылмаған жер телімі анықталды.

Уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2011-2013 жылдар аралығында республика бойынша мемлекет қажеттілігі үшін 46 млрд. теңгеге 17 мың га. жер телімін алу жоспарланды. Барлық мақсатты бюджеттік қаржылар игерілген, бірақ 12,6 мың га. жер ғана алынған. Өйткені, жерлерді алу барысы олардың бағасын негізсіз өсіру, заңсыз ұсынылған жерлерді алу және жалған келісімшарт жасасу арқылы жүргізілген. Осыған орай, прокуратура органдары 5,5 млрд. теңгенің негізсіз жұмсалуының жолын кесіп, соттардың қарауына 2,6 млрд. теңге өндіру туралы 118 ұсыныс жолдады. Барлығы 22 қылмыстық іс қозғалып, 5 істі сот қарады. Бұл мәселе Бас прокуратураның алқасында талқыланып, Үкіметке орын алған заң бұзушылықтарды жою туралы нақты ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар жүргізу ұсынылды.

Наиль АХМЕТЗАКИРОВ,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратура департаментінің бөлім бастығы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.